БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҦЗЫРЕТТІЛІК: ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ ЖОЛДАРЫ
Ерболат Ә.
«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі Тауекелова А.Е.
Мұғалім - ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда
ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен
оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк –
экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай
айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары
71
философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа
қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным
теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң
қалыптасуы
мен
негiзделуiнiң
жалпы
ұстанымдарын,
объективтiк
қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, ӛз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гӛрі, жаңа талапқа
сай инновациялық технологияларды ӛз сабақтарында күнделікті пайдаланса,
сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сӛзсіз. Бұл жӛнінде
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу» деп атап кӛрсеткен [1]. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
жолдауында айқандай: «Болашақта ӛркениетті дамыған елдердің қатарына ену
үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім
беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып
отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың
іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп ӛміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай
таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол ӛз кәсібін, ӛз пәнін , барлық шәкіртін ,
мектебін шексіз сүйетін адам. Ӛзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты ӛзін-ӛзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі,
білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы
шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-
рефлекцияға қабілетті, ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық ,
зерттеушілік,
дидактикалық
-
әдістемелік,
әлеуметтік
тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің
жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен
басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды
және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың
кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде ӛзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке ӛміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
72
Сондықтан,
олардың
функционалдық
сауаттылықтарын
кәсіби
шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде
мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық
процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби
білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім
беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына»
бағытталған білімге кӛшуді кӛздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену ӛмірде болу, ӛмір сүру үшін
қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен
танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды [2]. Жаңа
педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті
оқытуға кӛшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай
туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және
нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік
стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу
біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын,
ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық
функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере
отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес,
іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және ӛзін-ӛзі жасау талабын
қалыптастыра алады.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында
педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты
мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог тӛмендегідей
құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп кӛрсетілген.
Арнайы құзыреттілік- ӛзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.Білім беру
құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін
қолдана білу қабілеті [3].
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің ӛзін қазіргі заман талабына сай педагог
қауымының ӛзін -ӛзі ӛзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім
саясатындағы түбегейлі ӛзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін
тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын кӛрсетілген. Студенттер оқытушы
қауымнан тек білімге ғана емес, ӛмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп
отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай:
жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық
қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның
73
талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің ӛзі болашақ мұғалім -
қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың ,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге,
білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды
қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның ӛзі ӛз
кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп ӛсіруде
белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды
талап етеді.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға
бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, ӛз
халқының мәдениеті мен ӛзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу
қабілеті);
оқу-танымдық құзіреттілік(ӛзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу,
жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау,
қорытынды жасай білу)
коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен ӛзара қарым-қатынас тәсілдерін
білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен,
техникалық обьектілер кӛмегімен бағдарлай білу, ӛз бетінше іздей білу, таңдай,
талдай білу, ӛзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау
жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі ӛмірлік жағдайларда жеке басына және
қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық ӛзін-ӛзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық
және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен
тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог
қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы
талап етіледі. Егер педагог ӛзінің кәсіби ӛсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып,
ӛзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін ӛмірде
қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана
студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сӛзбен айтқанда,
тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан-
жақты дамуына негізделген, алған білімін ӛмірдің қандай бір жағдаяттарына
қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты
болады.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби
шығармашылықпен ӛзін-ӛзі дамытуы ӛмірінің әр кезеңінде әр қалай деп
кӛрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер. А.Дистерверг, К.Ушинский, А.Макаренко,
В.Сухомлинский,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан
дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу ӛнері дей отырып, педагогикалық
74
шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда
педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге кӛтеретін мұғалімнің
жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі.
Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге
кӛтерілуінің тӛмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған [4].
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің ӛз мамандығына қаншалықты сәйкес
әлеуметтік
тәжірибеге
қосар үлесі қандай
екендігі.Жоғары
еңбек
кӛрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б
жататындығын атап ӛтеді. Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы
қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес
қаншалықты ол ӛз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім
еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық,
кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде ӛзіне
позитивті кӛзқарастың болуын жатқызады.Нәтижелі критерийлер. Мұғалім ӛз
ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе
тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің
стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды
алады, ал кейбіреулері оқушылардың ӛмірге дайындығын басты назарда
ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын
жетіліп, ӛзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін ӛз ӛмірлік
мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім ӛз кәсібінің шекарасынан шыға
алуы, сол арқылы ӛз тәжірибесін, еңбегін ӛзгерте алуы жатқызылады.
Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гӛрі ӛз
жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының,
шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе
салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс.
А.Маркова оның кезеңдерін тӛмендегідей етіп бӛледі: мұғалімнің ӛз
мамандығына
бейімделу
кезеңі:
мамандықта
ӛзін-ӛзі
ӛзектендіру
кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық
деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын
шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби
дәрежесіне кӛтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады[5].
Ең бірінші кезекте мұғалімнің « ӛзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым
жаңалығын түрлендіруде ӛз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы
ӛзгелердің тәжірибесін толық кӛшірмей, жаңа ортаға икемдеп, ӛзіндік іс- әрекет
жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік-
педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың
жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени
жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара
алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын,
компьютерлік оқыту ӛнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл
тұлғаны талап етеді. Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп
мамандығы бойынша ӛз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен
75
дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік
бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен ӛзінің іс- қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық
меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды
таңдап
сараптай
алатын,
отандық
және
шетелдік
тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
2.
А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.
3.
В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.
4.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
5.
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б
Достарыңызбен бөлісу: |