«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


МӘҢГІЛІК ЕЛ МҦРАТЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА



Pdf көрінісі
бет22/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115
МӘҢГІЛІК ЕЛ МҦРАТЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА 
 
Байденов Ж. 
«Педагогика және психология » мамандығының 2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Мүсирова Г.Б. 
«Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды 
жығады» деген сӛзқалдырған. Қазақтың бұл мақаланың ӛзі бүгінгі күні 
айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. 
Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа 
келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана 
бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен 
ерік — жігерді талап ететін білімсіз ӛмір тұл», - деп атап ӛтті Елбасы. Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек 
Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасымен толық таныстық. Осы 
тұжырымдамадағы 20 қадамда, тәуелсіз Қазақстанның 20 жылда жүріп ӛткен 
жолы, қазіргі жағдайда орын алып отырған кемшіліктері толық сараланыпты[1]. 
Осында кӛтерілген 20 қадамды іске асыру - қоғамдағы ең маңызды 
мәселелер. Осында бүкіл Қазақстан халқы ӛз мүмкіндігіне қарай жүзеге 
асыруға атсалысса, бүгінгі қол жеткізгеннен-де зор жетістіктерге жетер едік. 
Ата тарихтың шабысында «Кеше», «Бүгін», және «Ертең" деп аталатын үш ұлы 
бӛлік болады. Олар бір - бірінен ажырағыссыз, бір мезгілде бӛлек -бӛлек, тағы 
бір мезетте біртұтас ғұмыр кешіп, тағылым мен танымның, парасат - пен 
пайымның тұнығынан адамзат баласының шӛлін қандырып отырады. Еліміздің 
Тәуелсіздікке қолжеткізген жылдарына бүгінгі күннің биігіне кӛз салғанда, осы 
ұлы қағидат бірден кӛзге шалынады. Ӛткенге кӛз жүгіртсек, осыдан 20 жыл 
бұрынғы Қазақстанды кӛз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы — 
тӛкпелі экономика, саяси белгісіздік, сансыратқан тапшылық, жұмыссыздық, 
т.т. есімізге түседі. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы 
күннен- ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік 
стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті 
баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық 
және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау кӛрсетті. 


60 
Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сӛзін, 
білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани 
қару ғана емес, сонымен қатар аса зор ӛндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. 
Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық- рухани күш, қуат кӛзі жоқ екені 
белгілі. Ӛйткені, білім - тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы 
ӛрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре 
тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену 
үрдісі бір сәтке толастамайды. Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең білім 
керек екенін елден бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлға болды. Қай 
жерде-де, қашан да тұңғыш болудың жүгі мен жауапкершілігі ауыр екенін 
білеміз, сол себепті бірінші болып жол салу, бірінші болып жеңіске жету, 
бірінші болып бәйгеден келу, бірінші болып биікке кӛтерілу т.т. секілді үлкен 
тәуекелге бел буды. Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын ӛмірге келіп, күні 
бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің 
терең түпкірінен орын тепкен. Ӛйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы 
отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық 
демократиялық қозғалыс еді. Ұлтты сақтайтын – ұлттық идея болуы керек. Ол 
ұлттың ӛмір сүруі, тiлегi, ниетi, ойы дегенге саяды. Алаш идеясы ұлтпен бірге 
ӛмір сүретін, ұлт ӛмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың ӛмір 
сүру тұғырнамасы. «Осылайша, ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу Алаш 
қозғалысын аспандатты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш қозғалысы 
қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни, 
ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, интеллектуалдық биік ӛремен ағымдағы, 
кезек күттірмейтін қазіргі және болашақтағы міндеттерді айқындай білу - 
бүгінге жеткен Алаш аманатының ең құндылары» - деп ой түйіндейді Ханкелді 
Әбжанов [2]. 
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп ӛткен тарихи жолымыз кӛрсетіп 
бергендей қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай 
отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде 
езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға 
сұраныс та қалыптаспақ. 
Бүкіл Қазақстан азаматы осы мемлекеттік тілдің тӛңірегіне топтаса алады. 
Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы да – мемлекеттік тіл. Ӛз еліңнің 
патриотизмін кӛрші елдің мемлекеттік тілімен жасау мүмкін емес. Міржақып 
Дулатов тіл ӛткен дәуір мен қазіргі заманды, болашақты байланыстырып 
отыратын кілт екенін кӛрсете білген [3]. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында оқыту үдерістеріне қазіргі 
заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу мәселелері кеңінен 
баяндалған. Осы бағытта мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. 
Арнайы министрліктер мен оқу орындары әдістемелер мен технологияларды 
жіті меңгеріп, халықаралық тәжірибені толық зерделеуде. Аталған бағыттағы 
ауқымды жұмысты еліміздің білім беру жүйесінің кӛшбасшылары - Назарбаев 
Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері атқарып келеді. Мұнда ӛте 
білікті оқытушы және ғылыми құрам шоғырланған. Аталған мекемелер 


61 
тарапынан оқыту, зерттеу және инновация мен оны іс жүзінде меңгеру 
салаларында ең алдыңғы қатарлы жетістіктер мен тәжірибелерге үнемі іздеу 
жүргізілуде. Қазақстанның жинақталған тәжірибесіне ыңғайлы, әлемдік ең 
жоғары үлгіге сәйкес келетін ұжымдық басқару жүйесі құрылуда. Бүгінгі 
таңда Елбасымыздың 
ерекше 
назар 
аударғанын 
ескере 
отырып, 
Білім және ғылым министрлігі Назарбаев Университеті мен Назарбаев 
Зияткерлік мектептері тәжірибесін бүкіл Қазақстанның білім беру жүйесіне 
тарату үшін олардың жетістіктерін жалпыға білім беру үдерісіне енгізуде. 
Елбасымыз ӛзінің Қазақстан халқына арнаған. Жолдауында назар аударған тағы 
бір маңызды мәселе - ол педагогтардың сапасы мен біліктілігін арттыру. 
«Қазақстан - 2030» Стратегиясында Елбасы: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне 
тікелей байланысты», - деп айрықша атап айтса, биылғы жылғы Қазақстан 
халқына Жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың 
табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене 
болмысы, кӛңіл-күйлеріне байланысты», — деп білім беру саласын дамытудың 
қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды. Бұл орайда 
Н.Ә.Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, 12 
жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім беру, жоғарғы білім 
берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет 
сынды орындар алға қойылды. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда 
жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Ӛйткені, сапалы білім беру елімізді 
индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты 
алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа ӛрлеу мүмкін 
емес. Н.Назарбаевтың сӛзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен 
емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп
білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар ӛз күш-жігерлерін, 
білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ.
Елбасы 
қайсыбіреулердің 
қатаң 
сынына 
ұшыраған 
«Тілдердің 
үштұғырлығы» бағдарламасын ұсынды. Мұндағы негізгі мақсат - үшінші 
мыңжылдықта қарқыны жеделдей түскен жаһандану, шекара талғамайтын 
экономика-қаржы және, ақпарат, ағымдары заманында еңбек ресурстарының 
бәсекелестігін арттыру мәселесі кӛзделген болатын. Басқаша айтқанда, мұнда 
мемлекеттік тіл - қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі— орыс тілін және 
халықаралық тіл - ағылшын тілін халықтың неғұрлым кӛп бӛлігінің меңгеруіне 
бағытталады. Осы жерде ерекше назар аударатын нәрсе, мемлекет басшысының 
«тілдердің үштұғырлығы» идеясын бүкіл ұлттық идея-деңгейіне кӛтеру қажет. 
Неге десеңіз, біріншіден, бұл идея халқымыздың болмысында ежелден-ақ бар 
«жеті жұрттың тілін біл» деген бағалау ӛлшеміне сай келеді; екіншіден, қазіргі 
бәсекеге негізделген ӛмірлік қағидалардың ӛзі, яғни жас ұрпақ буыннан осыны 
талап етіп отыр.
Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, ӛз 
халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. 
Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы 
берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан 


62 
тыс қалдырмады. Ӛркениет кӛшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы 
болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі 
қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасының білім 
беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты— жастардың бойында 
азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік 
рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық 
мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-
қайшы келетін әрекеттерге тӛзбеушілікке тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі ӛзгермелі, 
сан салалы, кӛпмәдениетті, кӛпэтникалық үлкен ӛмірге енуге дайын қабілетті, 
тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде 
құрылады [4].
Тәрбие жұмысы —ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс 
және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-
құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында 
ғана ӛзін іс жүзінде кӛрсетіп, ӛзін-ӛзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай 
жасайды. Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік кӛзқарас тұрғысынан жаңаша 
ойлап, шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, ӛз 
елі мен жерінің, туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл 
міндет жаңа уақыт талаптарына тӛтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге 
барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің ӛзектілігін алға тартады. 
Қазақ елінің әлемдік кеңістікте ӛз жолын таңдауы - әрбір қазақтың емін-еркін 
ӛмір сүруінің кепілі. Ол, сӛзсіз, «ұрпақ қамы» деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, 
мемлекет құру - сонау түркі заманынан бермен қарай желісі үзілмей келе 
жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу - болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол 
жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз 
анық. Ұлттық тәрбие - ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды 
тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бӛлігі. Мақсаты—
ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің ӛркендеуіне үлес қоса алатын 
ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ӛзара ұштастыра 
алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу [5]. 
Міндеті - мәдени-әлеуметтік ӛзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің 
діңгегі - ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті 
мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық 
интеллектуалдық 
мінез-құлқын 
қалыптастыру; 
бүгінгі 
қазақ 
елінің 
индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары 
парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу;білім және мәдени-
рухани тұрғыда басқа ӛркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз 
ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының ӛркениеттілік сана-
сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің басты нысаны 
елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, 
ұлтсыздықпен күресу болып табылады. Қазақстанды Отаным деп таныған әр 
азаматтың осыған ӛз әлінше үлес қосуы - бұның басты шарттарының бірі. 
Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 " атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп 


63 
аталатын бӛлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының 
игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында 
жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам ӛркендеу үстіндегі күллі 
әлемге әйгілі әрі сыйлы ӛз елінің патриоттары болады» - деп, үлкен үміт артты 
[1]. 
Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып, елімізде осы 
мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Тек оны ӛз керегіне қарай 
пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан 
жасылынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың ӛз 
ұмтылысы болуы тиіс. Ӛйткені, ӛмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да 
жарқ етіп ӛте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан 
бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, 
Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті 
екенімізді естен шығармайық! Ел ертеңi - бiлiмдi жастар. «Бұлақ кӛрсең кӛзiн 
аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев 
«Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, 
Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап кӛрсеткен. Елiмiздiң болашағы 
жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты[5]. 
Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, 
тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай
экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. 
Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын ӛрге бастыра алады. 
Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман 
тәуелсiз ел мұраты - жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, 
еңбектенiп ӛсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, 
азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, кӛркеюi жолында 
терiңдi тӛгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», — дейдi 
Елбасы бiр сӛзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат 
жолында жалынды еңбек етуге даярмыз. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» Жолдау.
2. 
Қазақстан Республикасының Білім заңы. 
3. 
Ж.З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу». 
4. 
Білім технологиялары.2012 ж. . 
5. 
Егемен Қазақстан 2012 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет