«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ



Pdf көрінісі
бет26/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ 
 
Есентурова А.Х. 
«Математика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Абдрахманова М.Т. 
Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі 
ӛзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай 
қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. 
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек 
болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. 
Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру 
жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. 
Елбасы мемлекетімізді әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу 
туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол 
жеткізуде маңызды рӛл атқарады [1].
Сондай-ақ, Қазақстандағы білім беру саласын жетілдіру бойынша 
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан 
халқына Жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім саласы жеке 
жетілдіру бағыты ретінде кӛрсетілген. Ӛйткені, білім – ұлттың бәсекеге 
қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады [2].
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше 
ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе 
алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім - тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық 
мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын кӛзі ашық, кӛкірегі 


76 
ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең ӛзекті мәселелердің біріне 
саналды. 
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену 
табалдырығында. Ӛмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі 
ӛзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі 
беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға кӛшумен тікелей байланысты. 
Ондағы ӛзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның 
жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. 
«Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан 
лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар 12 
жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің 
құрылымы мен мазмұнын толықтай ӛзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. 
Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат 
боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты.
Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе «ӛмір бойы білім алу» қағидасы 
негізінде ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап 
айтқанда, білім беруге бӛлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі 
қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - он екі жылдыққа кӛшу 
және кәсіби міндеттерді ӛздігінен, шығармашылықпен шеше алатын, қызметтің 
жеке және қоғамдық мәнін түсінетін және оның нәтижесіне жауапты қарайтын 
құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім 
берудің тиімді жүйесін құруды кӛздейді.
12 жылдық мектепке кӛшуге байланысты жұртшылық арасында «Бір жыл 
қосқанда не ӛзгереді? Бұл мемлекеттік бюджетке артық жүктеме түсіреді. 
Жеткеншек текке мектепте бір жыл артық отырып қалады» деген секілді 
кӛптеген сұрақтар туындап, екі түрлі пікір пайда болған еді. Ресми кӛзқарас 12 
жылдық оқуды қолдады, ал бейтарап жұртшылық пікірі оған қарсы болады. 
Осындай болашақты бағамдайтын маңызды үлкен шара мерзімді басылымдар 
мен теледидар беттерінде, жиылыстар мен конференцияларда жан-жақты 
талқыланды. Нәтижесінде Үкіметтің шешімімен «12 жылдық білім беру 
тұжырымдамасы» қабылданды, оған сәйкес оқу бағдарламалары мен байқау 
оқулықтары жазылып, эксперименттік тексеруден ӛткізілуде. 
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу мерзімін неліктен бір жылға 
ұзартуымыз керек? Дүние жүзі елдері, атап айтсақ, барлық елдердің 80 пайызы 
12 жылдық оқу жүйесімен жүреді. Аса дамыған елдерде, Мысалы, АҚШ-та, 
Англияда, Швейцарияда, Канадада, Германияда орта жалпы білім беру 
ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Италияда-12 жыл. Шет елдерде біздің 
орта білім туралы құжатымыз-аттестатымыз танылмай отыр. Екіншіден, шет ел 
мектептерінде 12-13 жылда оқитын білімді біз 11 жылға сиғызып береміз. 
Сондықтан қазір 11 жыл оқитын балаларға оқу жүктемесі кӛп түседі. Жоғары 
сыныптарда, ӛз қалауымен пәндерді таңдап оқу уақытын қоса есептегенде, 


77 
оқушыға түсетін оқу жүктемесі 36 сағат емес, 41-42 сағатқа жетті. Егер 12 
жылдық мектепке кӛшетін болсақ, оқу жүктемесі біршама жеңілдейді. 
Әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 
12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім 
туралы құжаттардың айырбасталуын, бейіндік оқытуды, кӛп тілдікті 
қамтамасыз етеді. 
Қазақстанда 12 жылдық білім беруге кӛшуді 6 жастан бастау кӛзделеді, 
бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының 
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте 
оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. 
Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады, біріктірілген 
курстар, алдын ала бейіндік даярлау енгізіледі. 
Сондай-ақ, қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту 
үдерісі ретінде тәрбиеге баса назар аударылуда. Соған байланысты мұғалім мен 
оқушының тұлғалық-бағдарлы ӛзара қарым-қатынасы маңызды орын алып 
отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан 
келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, білім беру 
факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік ортаның кірігуі кӛзделеді. 
Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты - еліміздегі 
білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман 
талабы – кӛптілді оқыту және кӛптілді меңгерген маман дайындау. Бұл бағыт 
бойынша жұмыстар басталып, жүргізілуде. Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, 
рухани байлығы.Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына 
келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. Қазақ тілі барлық 
мектептерде оқытылады. Оқушылардың 60%-дан астамы қазақ тілінде білім 
алады. Мұндағы басты мақсат - барлық бітірушілердің қазақ тілін жақсы 
меңгеріп шығуы. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-сыныптан ағылшын 
тілін оқыту енгізіледі [3]. 
2012 жылы жоғары оқу орындарында тиісті пән педагогтері мен 
мамандарын даярлау басталды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында 
бүгінгі білім берудің барлық деңгейлерінде кӛптілді оқытуды дамытудың 2020 
жылға дейінгі бағдарламасы әзірленуде.
Қазіргі таңда білім беру саласын жетілдіру мақсатында «E-learning» 
электронды оқытуды дамыту жобасына 600-ге жуық мектеп қосылды. 2020 
жылы мектептердің 90%-ын қамтитын болады. Алайда, мұндай оқудың тез 
дамитынын ескеру керек.
Осы жағдайларды ескеріп, әлемдік трендтерді үнемі қадағалап, уақытылы 
түзетулер енгізіп, заманға сай жаңа білім беру жүйесіне келуіміз қажет. 
Қорытындылай келе, Елбасы қойған міндеттерді шешу үшін 2011-2020 
жылға дейінгі білім беру бағдарламасын ойдағыдай орындап, білімнің барлық 
саласы– нәтижеге және елдің, оның экономикасы мен әлеуметтік саласын 
дамытуға жұмыс істеуі қажет. Білім беру саласының жетілдіру арқылы 


78 
еліміздің жастары мен жас ұрпағы, шет мемелекеттерінің білім беру жүйесі 
талаптарына сай, жоғары бәсекеге қабілетті мамандары болмақ [4].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауынан. (www.akorda.kz);
2. 
Қазақстан Республикасының Үкімет Басшысы С.Ахметовтің қатысуымен 
ӛткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа 
отырысындағы материалдар, 2013 жыл, қаңтар. (www.edu.gov.kz).
3. 
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентінің
4. 
2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет