«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет88/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   115
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҦМЫС ІСТЕУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қҧдайберген С. 
«Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекші: Анапин Е.Х 
 
Тілдік қатынастағы ӛзіндік орны бар қатысымдық тұлғалардың бірі- мәтін. 
Мәтін дегеніміз – бұл жалпы (бір) тақырып тӛңірегіндегі біріккен, 
сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды(мәнді) 
сӛйлемдердің 
тізбегі. 
Мәтін 
сӛзінің 
этимологиясы 
семантикалық 


238 
құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе 
элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлігі және осы 
аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән – мәтінтану
герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану – қарастырылып отырған 
мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды.
Профессор Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» 
атты оқу құралында мәтінге мынадай анықтама берілген: «Мәтін, яғнт текст – 
қатысымдық тұлғалардың ішіндегі мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін 
жүйе» [1,25б.]. 
Ғалым тілдік қатынаста ӛзіндік орын иеленетін қатысымдық тұлғалар 
ішіндегі мәтінге ерекше тоқталады. Яғни тіл жүйесінде қатысымдық бағыт 
дами бастаған соң, онымен байланысты сӛйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар 
екендігіне зерттеушілер ерекше назар аудара бастағанын айтып, бұрын тек 
сӛйлемді 
жан-жақты 
білу 
үшін 
қолданылатын 
контекст 
ретінде 
қарастырылғанын, енді жеке жиынтық болғандығын қадап айтады.
Белгілі ғалым, А.Жұбанов жазба мәтін жайындағы ойын былайша береді: 
«Жазба мәтін – қағаз бетіне түскен жазба сӛзі немесе соның үзіндісі, бӛлігі. 
Мәтіндегі ой –пікірлер тек сӛйлем түрінде ғана айтылғанда түсінікті бола 
алады. Ал сӛйлем ойды айтып немесе жазып жеткізудің негізгі амалы. 
Сондықтан да мәтінді синтаксистік бірлік деп ұйғаруға болады. Мәтіннің 
негізгі қызметі – жазбаша(не сӛйлеу) түрінде жай немесе күрделі мазмұнды ой-
пікірлерді білдіру. Бұл жағдайлардың бәрі де сӛйлем тобы арқылы жүзеге 
асады. Олай болса, сӛйлем – белгілі қоғам мүшелерінің ӛзара пікір алмасуын, 
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін мәтін бірлігінің біртұтас түрі.»[2. 
32,7]. 
Мектептегі оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда, 
тілдерді үйретуде мәтіннің коммуникативтік, дидактикалық табиғатын терең 
тануды қажет ететінін кӛптеген зерттеушілер айтып та жүр. Коммуникативтік 
әдіс мәтінге сүйенеді, ӛйткені мәтін – қарым-қатынас жасаудағы негізгі сӛйлеу 
бірлігі болып табылады. Осыған орай, коммуникативтік әдістеменің басты 
ұстанымы – мәтін арқылы оқыту ұстанымы болып есептеледі. 
Г. Нәжікенова ӛзінің «Мәтіннің коммуникативтік және дидактикалық 
бірлік ретіндегі 
ерекшелігі» 
тақырыбындағы 
мақаласында 
мәтіннің 
дидактикалық мақсатта қолданылатын мынадай белгілерін атап кӛрсетеді:
1. 
Мәтін – сӛйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын, пікірін 
білдіретін сӛйлеу бірлігі.
2. 
Мәтін негізгі ойды, идеяны, мазмұнды беретін тақырып атауынан 
құрылған автономды аяқталған сӛйлеу бірлігі. 
3. 
Дұрыс құрылған мәтіннің басы мен соңы болады. 
4. 
Мәтіннің әңгімелесу, суреттеу, ойталқы деген типтік 
формалары белгілі, әдістемеде мәтіннің бұл типтік түрлері мәтін құрастыруға 
бағыт – бағдар береді [3,67б] 
Мәтін тіл үйретуде маңызды рӛл атқаратындығы, мәтінді меңгерту 
үйренушінің тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға тірек 


239 
болатындығын меңзейді. Яғни, мәтінмен жұмыс барысында сӛйлеу әрекетінің 
барлық түрлері орындалады. Мәтінді алдымен оқитын болса, оқылым әрекеті 
жүзеге асады, содан соң тілдесім, қойылған сұрақтарға жауап беру барысында 
оқушы мен мұғалім немесе оқушы мен оқушы тілдесіп, талдау жасалады, 
сонымен бір мезгілде айтылым да айтылып жатады, мәтінмен жұмыс 
барысында міндетті түрде жазылым іске асырылады, сӛйтіп, сӛйлесім 
әрекетінің барлық түрі орындалады. Демек, тіл уйрету, оның ішінде шет тілінде 
мәтінмен жұмыс күн сайын орындалатын дағдылы үрдіс.
Мәтінмен жұмыс жасау – тіл дамытудың іргетасы, оқушылардың жаңа 
сӛздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сӛздерінің мағынасын 
анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ мәтінмен жұмыс жасау барысындағы сӛздік 
жұмысы сӛйлем құрауға материал береді, сӛздерді байланыстырып сӛйлеуге, 
әңгімені айтуға, шығарма жазуға кӛмектеседі.
Мәтінмен жұмыс істеудің ерекшелігі: ол тіл дамытудың басқа түрлері 
сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Ӛлең, әңгіме, 
мысал, мақал-мәтелдер, эссе және т.б. оқу арқылы оқушылардың тілі дамиды. 
Мәтінмен жұмыс оқушының сӛздік қорын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, 
оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға ӛз пікірлерін айтуға, 
сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі 
байланысьарды аңғара білуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге мәтінмен жұмыс жасау сӛз арқылы оқушыны дәл ойлауға 
дағдыландырып, оның шығармашылық қабілеттерін арттыруға, сӛйлеудің 
мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Сӛз 
байлығы- қоғамның байлығы, әр тұлғаның байлығы. Сондықтан да 
оқушылардың сӛздік қорын байыту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізудің 
маңызы зор. Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сӛздік 
жұмыстарының жүргізілуін мұқият қадағалау қажет, яғни мәтінде оқушыға 
түсініксіз бірде-бір сӛз болмауы қажет. Мәтінде кездесетін түсініксіз сӛздер 
мен ұғымдарды түсіндіру сатылы негізде жүзеге асырылуы тиіс: мәтінді оқуға 
дайындық кезеңінде; мәтінді оқу барысында; мәтінді оқып шыққаннан кейін.
Кӛркем мәтінде ауыспалы мағыналы бейнелі сӛздер ӛте кӛп кездеседі. 
Оларды оқушыларға таныту үшін мәтіннен бейнелі сӛздерді табу керек, бейнелі 
сӛздерді, сӛз тіркестерінің мән-мағынасын түсіндіру қажет, сұрақ қою арқылы 
сӛзді бейнелеп, кӛз алдына елестету қажет, осы сӛздерді ӛздері құрастырған 
әңгімелерінде пайдалануын қамтамасыз ету қажет, дауыс ырғағын келтіру, 
мәнерлеп оқу керек, теңеу, эпитеттер табуға жаттығулар жасау керек. 
Мәтінмен жұмыс жасау барысындағы ең басты міндеттердің бірі – 
оқушылардың үцренген сӛздерінің белсенділігін арттыру. Ол ушін әр сабақ 
сайын жүйелі түрде арнацы тапсырмалар берілуі қажет. Мәселен, жаңа сӛздерді 
қатыстырып сӛз тіркесін құрау, сӛйлем құрау, мәтінге жақын мазмұнда 
әңгімелеу және т.б. Мәтінмен жұмыс жасау тілді дамыту басты кӛрсеткіші. Ол 
дәйекті зерттеу мен мұқият зерделеуді қажет ететін психологиялық, 
педагогикалық, лингвистикалық мәселе болып табылады. Тіл дамыту 
оқушылардың дұрыс сӛйлей білуіне кӛңіл бӛлу, сӛз байлығын арттыру, 


240 
ойлауын дамыту т.б. жқмыстарды қамтиды. Мәтінмен жұмыс онда кездесетін 
түсініксіз сӛздер мен ұғымдарды түсіндіріп, анықтаумен ғана шектелмейді. Ол 
жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа кӛріністерді байқау 
сияқты жұмыстармен тығыз байланысты . Мұндай жұмыстар оқушылардың 
ойын, тілін дамытады, эстетикалық таным-талғамын арттырады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қ. Жарықбаев Психология. Алматы. «Білім», 1993ж. 
2. 
О.Л. Каменская Мәтін және коммуникация. Жоғарғы сынып, 1990. – 12б. 
3. 
Г.Б. Матвеева Білім берудегі негізгі қиындықтар. М., 1968, 170б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет