«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН



Pdf көрінісі
бет89/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115
ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН 
ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Мукиат С. 
«Физика» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Қожахмет М.С.,
Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер 
стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, 
әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, 
мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. 
Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы» – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық 
даму жоспарын жүзеге асырудың ӛзекті бағыттарының бірі [1]. 
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының 
оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең кӛлемде 
қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат 
алмасудың тиімділігі ӛркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. 
Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық 
технологияларды 
енгізу 
басты 
мәселеге 
айналуда. 
Ақпараттықтехнологиялардыңтиімділігі: 
 
Қашықтанбілімалумүмкіндігініңтуындауы; 
 
Қажеттіақпараттыжеделтүрдеалумүмкіндігі; 
 
Білімсапасынаәсерізор; 
Қашықтаноқыту– 
ақпараттыққұралдаржәнеғылыминегізделгентәсілдерарқылыбілімалуформасы. 
Қашықтаноқытудаекі компонент бар: оқытудыбасқаружәнеӛзбетіменбілімалу. 
Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына 
қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын 
талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне 
жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы 
арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: 


241 
оқушыларды тыңдау, олардың кӛзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, 
ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық 
қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды ӛзінің тәсілін жұмысында 
қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан 
оқыту курсы осыған бағытталған [2]. 
Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа 
мектептермен оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен, яғни тәжірие 
алмасады. Әдістемелік кешен, мұғалім мен оқушыға қажетті бағдарлама, қазақ 
тіліндегі оқулықтар мен кӛмекші құралдары жеткіліксіз. Пән мұғалімдерінің 
интернетті осы уақытқа дейін аз ғана пайдаланып, тіпті қолданбағандары да 
бар. Мектептер жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталғанымен, 
мұғалімдердің осы тақырып бойынша білімін жоғарылататын, яғни 
мұғалімдерді дайындайтын курстар жеткіліксіз. Ал, жалпы білім беру ісі 
жӛнінен басқа озық елдердің тәжірибесін зер салып отыру, ӛзінің білімін 
жоғарылату, жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютерлік коммуникацияны 
үйрену – әрбір пән мұғалімінің кәсіптік міндеті, қажетті парызы. Қаншалықты 
барлық құралдар жеткілікті болғанымен, пән мұғалімінің білімі тӛмен болса, 
оқушылардың телекоммуникация жӛніндегі білімі тӛмендеп, болашақта 
Қазақстандағы телекоммуникациялық ортаның дамуына әсерін тигізеді. 
Оқушылар қашықтан оқу арқылы ӛз білімдерін жетілдіре алады және 
ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер 
мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, 
лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу 
оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді. 
Әр елде, қалада орналасқан оқушылардың қашықтан оқытуға қатысуы 
шығармашылық бірігу және жарысу эффектісін береді. WEB – беттер жасауда 
оқушылар ӛздерінің жұмысын желіден кӛріп оқушы ғылыми, суретші немесе 
басқа шығармалардың авторлары болады. Ӛзінің жұмыстарын жақсы, қызықты 
етіп кӛрсету үшін олар гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс 
істейді. Қашықтан оқуда оқушылар мәдениет арасында байланыс орната алады. 
Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің мәдениетін жақсы білу керек. Сонда 
мәдениеті, білімдері, діни бӛлек оқушылар емін-еркін ақпарат алмаса алады. 
Басқа елмен байланысу үшін алдын ала оқушының психологиясын дайындау 
керек. Ол үшін әр түрлі тренинг ӛткізу керек. Бұл тренингте басқа 
елдердің мәдениетімен, олардың арсындағы айырмашылықтарды таныстыру 
бағытымен ӛтеді. Оларда мезгіл уақыттары мен уақыт арасында айырмашылық 
болады. Осы жерде электрондық конференциялар кӛмектеседі, одан керекті 
ақпаратты алуға болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар 
үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-
аналардың кӛзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін 
қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады. 
Физиканы бағдарлы оқыту үшін кӛптеген мектептерде физикалық құрал- 
жабдықтар жетіспейді. Бұл ӛзекті мәселені шешу жолдарының бірі бағдарлы 


242 
деңгейде физиканы оқытуға арналған интернет- ресурстарды қолдану. Атап 
айтқанда: 
 http://www.virtulab.net/ 
 http://ustudy.kz/ 
 Физика: коллекция опытов. http: //experiment. edu. Ru 
 Современная физика в задачах. http: // www. nsu. ru/ 
materials/ssl/text/metodics/ivanov.html 
 Лабораторные работы по физике. http: //phdep. Ifmo.ru/labor/common/ 
 Открытая физика http: //www.scph. mipt.ru/ 
 Бесплатные 
обучающие 
программы 
по 
физике.http: 
//www.history.ru/freeph. Htm 
 Анимация физических процессовhttp: // physics.nad. ru/ 
 Кабинет физики http: //www.edu.delfa.net/ [3]. 
Осы және тағы басқа сайттардың, электрондық оқулықтардың кӛмегімен 
қажетті 
компьютерлік 
физикалық 
кӛрсетімдерді, 
эксперименттерді, 
тәжірибелерді, лабораториялық жұмыстарды жүргізуге болды. Сонымен бірге 
әдістемелік, дидактикалық материалдарды алыппайдалануға болады.
Жоғарыда аталған екі компонентті Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық 
мемлекеттік педагогикалық институты ӛз тәжірибелерінде жүзеге асыруда. 
«Платонус» бағдарламасы бойынша оқытуды басқаруды жүзеге асыратын 
бӛлім жұмыс атқарады. Ал ӛз бетімен білім алу кӛп жағдайда сырттай бӛлім 
студенттері үшін жақсы жолға қойылған. Студенттерге қашықтыққтан білім алу 
ӛте қолайлы. Оқытушылардың берген тапсырмасын жұмыстан қол үзбей де 
орындап, уақытылы тапсыруға мол мүмкіндік берілген. Студенттер модульдік 
жүйе бойынша білім ала отырып, инновациялық саясатқа сәйкес қашықтықтан 
ӛз бетімен білім алуды меңгереді және түсініксіз материалдар бойынша сұрақ –
жауап нақты, әрі жылдам алынады. Физикадан білім сапасын арттырып, білімді 
практикамен ұштастыру маңызды.Осы орайда студенттербақылау және тестік 
тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстарды виртуальды орындау 
арқылы ӛздерінің білім, біліктерін дамытады, басқаша айтқанда теориямен 
практиканы ұштастыра отырып кәсіби құзіреттілігін қалыптастырады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы―12 жылдық білім‖ атты Республикалық 
ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал, №7 2005 ж. 
және №2 2006 ж. 
2. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 
2006жыл. 
3. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журналы, №1,2006 ж. 


243 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет