«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


БІЛІМДІ ҦРПАҚ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ, ЕРТЕҢІ



Pdf көрінісі
бет90/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

БІЛІМДІ ҦРПАҚ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ, ЕРТЕҢІ... 
Мҧсабек И.О. 
«Математика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Абдрахманова М.Т. 
Білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі ӛзгертуді қолға алған 
Елбасымыздың бастамасы Қазақстан халқына үлкен серпіліс әкелуде. Ел 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына 
жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері 
анық», – деген тұжырымы, ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты сапалы білім 
беруді бірінші орынға қояды. 
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі ӛзгеріп 
отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі 
үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Бүгінгі жаңа қоғамда 
мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт 
күтілуде. 
Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның 
қызығушылықтарының дамуы, оның ӛзінің дамуы деп түсіну керек. Бұл -әр 
адамның ӛзін-ӛзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар 
тұрғысынан ӛзіне сыни баға бере алуы, айналаны ӛзгертуге қатыса алуы. Білім 
арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы 
қалыптасады. 
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), 
«Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді 
дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық 
нысандағы құжаттармен бекітілген [1]. 
Бүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім 
сапасын, қабілеттілік деңгейін анықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері 
күн тәртібінде ӛз ӛзектілігін жойған жоқ, яғни адамның білімі мен біліктілігі 
қазіргі заманда әрбір мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды 
факторына айналды. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі заман талабы 
және Қазақстан Республикасында ақпараттандыру бағытының ең маңызды 
әлеуметтік-экономикалық жалпы мемлекеттік мәселенің бірі болып табылады 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
Тұжырымдамасында: «Орта білім беру міндеттерінің бірі-азаматтыққа, 
адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, 
ӛз Отанын сүюге тәрбиелеу» деп кӛрсетіледі. 
Ел Президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына 
«Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, 
бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті 
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен 
айқындалатынын 
ерекше 
атап 
кӛрсетеді. 
Сондай-ақ, 
Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған 


244 
мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым 
қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай-күйі жан-жақты 
талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып
Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды 
тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттілігі баса айтылды. 
Дегенмен де білім жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны 
реформалауда қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына, мемлекетіміз 
бен ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі мүмкін екенін, 
сондықтан білімнің пәрменділігін және сапасын арттыру үшін бүкіл білім 
жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт ӛзгерістер жасаудың қауіпті де, қатерлі 
екенін әрқашан ескергеніміз жӛн. 
Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге 
бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмұнының шашыраңқы, қазіргі 
ӛркениеттің ӛзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп 
ӛндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып, 
жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған
жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он 
бес жылдың кӛлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының 
моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім 
сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ӛзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, 
келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа ӛткен құндылықтар туралы айтты: «Біз 
ӛзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде кӛргіміз келеді, 
осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, 
таңдап алған мақсатымызға алып келетін ӛз дамуымыздың траекториясы, 
даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне 
сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің 
маңыздылығы мен оның мәнділігіне кӛңіл бӛлініп, сапалы білімге қол 
жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар 
айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бӛле-
жара қарауға болмайды. 
Әрбір жеке тұлғаның болашағы ӛз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге 
ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп 
оқушылары. «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп 
ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді ӛркениетке апарар жолдың 
бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім - барша әлем тыныс – тіршілігінің 
алғашқы іргетасы [2]. 
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере 
жайып,ел мәдениеті ӛркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана 
ұлтымызды асқақ,елімізді кӛкке кӛтереді. Қоғамның негізгі ӛзегі – жастар. 
Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың, 
яғни біздердің сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып 
қалыптасуымызға қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді 


245 
азаматтармен бірлесе ӛмір сүрсек, ӛз бойымызда білімге деген құштарлық пен 
ізгі сезімдердің қалыптасатыны сӛзсіз. Елбасымыз жастардың сапалы білім 
алып,саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және 
мәдениетке аса кӛп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін 
кӛптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің манызын айтып, 
нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден 
– бір ӛзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын 
болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ! 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:: 
1. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына жолдауы //Талдықорған газеті, 2005. 25. 02, - 4 б. 
2. 
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңы //Егеменді 
Қазақстан, 1999. 11.06. - 2 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет