«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет100/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҦЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ 
 
Талапқали Т. А. 
«Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Мусирова Г.Б. 
 
Қазіргі ақпараттың дамыған қоғамында болып жатқан түрлі ӛзгерістер мен 
жаңашылдықтар еліміздің білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. 
«Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан 
ӛзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз 
– егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда 
орнықты дамуды жалғастыру»,- деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, 


261 
еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай 
қадам басып, еркін қанат сермеуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының 
арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың 
ӛлкесі болып, кӛпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев атап ӛткендей: «Біз - кӛпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын 
барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға 
барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - 
деген еді [1]. 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі стратегиялық бағыттарына сәйкес 
қоғам сұранысына сай ұлттық сана-сезімі жоғары деңгейде қалыптасқан 
кадрларды дайындау саласында үштілділік білім беруді ӛзектілігі артып келеді. 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының халық дәстүрі мен отандық мүдде туралы 
толық түсінікті қалыптастыратын, әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі қазақ 
болмысының мән-мағынасын ашып беретін, атамекенде еркін де бірдей ӛмір 
сүретін адамдардың ішкі рухани және қоғамдық ӛмірін айқындайтын 
ұстанымдар құрайды. Бұл нысан қазақ елін тұлғалық, ұлттық, мeмлeкeттік, 
қоғамдық құндылықтармен толықтыруды міндет тұтады. «Мәңгілік Ел» ұлттық 
идеясы ұстанымдарының құндылығы: ұлыс пен ұлттың қалыптасуы 
контекстінде қазақ халқының ӛткен жолын жүйелі жете ұғыну; тарихи және 
әлеуметтік контексте қазақ мәдениетінің даму кезеңдерін әдіснамалық 
қорытындылау; қазақ халқының қоғамдағы және адамзаттық ӛркениеттегі орны 
мен рӛлін айқындау. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қазақ тілінің дамуы 
және тілдердің үш тұғырлылығы жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын 
біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің 
рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту 
керек. Биылғы жылғы Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында 
да біраз тың ӛзгерістер орын алды. Атап айтқанда, ұлттық терминологияны 
дамыту, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын 
әзірлеу, ағылшын тілін үйретудің курстарын ашу, мемлекеттік қызметке 
қабылданатын үміткерлерге мемлекеттік тілден тест тапсыру, қолданыстағы тіл 
туралы заңнамаларға ―Тілдердің үштұғырлығы‖, дәлірек айтқанда – үш тілдің 
бірлігі бойынша ӛзгерістер енгізу және тағы басқалар. ―Үш тілдің бірлігі‖ 
мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан 
азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, кӛздеген 
мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, 
ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге кӛтеріп, жаһан 
тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу. Қандай мемлекет болмасын оның, 
ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Ӛйткені, 
мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің 
бірі, ұлттық саясатының кӛрсеткіші. «Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, 
халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда 
үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,- Б. Хасанұлы анықтама 
бергендей, бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда. Бұл жағдайда біз 
басты назарды нақты мәдени жобаның педагогикалық құрамдасына түсіреміз, 


262 
ал ол болса толық кӛлемінде білімнің кӛптілділігін білдіре алады. 
Қазақстандағы тілдік ахуал айналасындағы пікірталастың белсенуі оның 
үйреншікті болған қостілділігіне емес, атап айтқанда тілдік білімнің жаңа 
межелерін білдіретін кӛптілділікке байланысты. Бұл межелер, ең алдымен, 
педагогикалық терминологияның білімнің кӛптілділігінің мәні келесідей 
ұғымдарды ашуына, байытылуына байланысты: - тілдік білім – қазіргі 
заманның барлық тілдері (туыс және туыс емес) және мәдениеті аясындағы 
білім (Н.Д. Гальскова, Н.И. Гез); - шет тілдік білім – жеке тұлғаны тілді және 
мәдениетті қатар ӛзара байланыстырып зерделеумен шет тілі құралдарымен 
жеке тұлғаны дамыту (С.С. Кунанбаева); 
- тілдік кӛпмәдениетті білім – шет тілі құралдарымен қазіргі заманғы ана 
тілі және зерттеліп отырған тілдердің кӛпмәдениетті қоғамдастықтарында 
мәдениеттердің қатар және ӛзара дамуының нормасы ретінде мәдени 
кӛптүрлілік туралы түсініктерін қалыптастыру (П.В. Сысоев); 
- кӛптілді білім – кӛптілді жеке тұлғаны қалыптастыруда үш және одан 
астам тілдерді қатар меңгеруге негізделген мақсатты үрдіс (Б.А. Жетписбаева); 
- тілдік тұлға – құрылымдық-тілдік күрделілігімен, шынайылықты 
бейнелеудегі терең ойымен және дәлдігімен, белгілі бір мақсатқа бағынуы 
дәрежесімен ерекшеленетін тілдік туындыларды (мәтіндерді) тудыру және 
қабылдауы шарт болатын адамның қабілеттері мен сипаттамаларының 
жиынтығы (Ю.Н. Караулов); 
- екінші тілдік тұлға – адамның мәдениетаралық деңгейде қатынас құру 
қабілеті (И.И. Халеева); 
- кӛптілді тұлға – бірнеше тілдің иесі: ана тілінің, тұрғын әлеуметінде 
қолданыста жүрген тілдердің; бір немесе бірнеше шет тілінің (Б.А. 
Жетписбаева) [2]. 
Қорыта айтатын болсақ, кӛптілді білім беру аясында үштілді меңгеру 
тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде кӛтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың 
халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми 
байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат кӛздеріне қол жеткізуіне 
мүмкіндік береді. Елдің ертеңі ӛресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы 
азаматтарын ӛсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық 
ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие қажет деген ойдамыз. 
«Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын орта білім саласына енгізу 
маңыздылығы ерекше. Сондықтан да тәжірибе жолында осыларды енгізіп, 
ұштастырып жатқанымызға біраз уақыт болды. Елбасы білім мен тәрбиені 
қатар жүргізуді жиі айтып отырады. Осы орайда бүгінгі панельдік 
сессияда «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру, сондай-ақ құндылықтарды 
тұлғалық қасиетке, білім алып жатқан балалардың тәрбие жұмыстарымен 
ұштастыру мәселелерін тыңғылықты талқылаймыз», - деді ҚР Білім және 
ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев. Елбасының «Қазақстан жол-
2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған «Мәңгілік 
Ел» ұлттық идеясы балалар мен жастарды жоғары рухани және азаматтық 
ұстанымға, әлеуметтік жауапкершілік, қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек 
ету дайындығын, отансүйгіштік пен бірігу сезімін тәрбиелеуге бағытталған. 


263 
Мамандардың пайымынша, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ӛмірде іске 
асырудың негізі мектепте қалануы тиіс [3]. Осы орайда сессияға қатысушылар 
ҚР Білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы 
Ұлттық білім академиясына бірқатар ұсыныстар жасады. Оның арасында жас 
ұрпақты тәрбиелеуде «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталықтары мен 
«Назарбаевтану» ғылыми білім беру орталықтары жұмысының тәжірибесін 
тарту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтарын білім беру 
үдерісіне енгізу бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибесін кең 
ауқымда қолдану, бірыңғай білім беру жүйесі мақсатында жалпы білім берудің 
оқу бағдарламаларын және «Мәңгілік Ел» отансүйгіштік жобаларын кіріктіруді 
жүзеге асыру және басқа да ұсыныстар қамтылды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» 
Қазақстан халқына жолдауы. Астана. 2015. 
2. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына 
жолдауы. Астана. 2015. 
3. Садықов Т.С., Әбiлқасымова А.Е. Жоғары мектепте бiлiм берудiң 
дидактикалық негiздерi. -Алматы: Ғылым, 2003.- 168 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет