256
күнделікті жаңағалықтар ғылыми жетістіктерге деген қызығушылығы зор
сонымен қатар оны түсініп әрі қарай жетілдіруге де даяр деп айтсам артық
айтқан болмас едім.
Әр адамның күнделікті тіршілігіне ерекше ӛзгеріс енгізе қоймаған
қоғамнан кетіп, жаңа ғасыр ӛз ӛмірімізде жаңа бір дәуірдің басталғанын
мойындатуда. Кӛкжиегімізде кӛрініп тұрған нұрлы болашағымызға жету
жолдарының жақсы нышандары бүгінгі қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларынан
кӛрініс табуда. Солардың бірі - әлеуметтік орны мен ақпараттар қызметінің
салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесі. Олай дейтініміз
бұл саладағы әрекет қоғамның бір жеке мүшесінің тағдырына қатысты емес,
еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік күшіне,
тұрмыс деңгейіне, ӛркениеттілігіне
әсер ететін кешенділігімен сипатталады. Сондықтан білім беру саласында
қоғамның әрбір мүшесінің назарынан тыс қалмайтын мәселелер тӛңірегінде
түбегейлі ӛзгерістер жасалуда.
Білім - тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның
қызығушылықтарының дамуы, оның ӛзінің дамуы деп түсіну ләзім. Бұл - әр
адамның ӛзін-ӛзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар
тұрғысынан ӛзіне сыни баға бере алуы, айналаны ӛзгертуге қатыса алуы. Білім
арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы
қалыптасады. Даму да, білім де ешбір адамға
қолдан беріле салмайтындығы
туралы кӛптеген ғұламалар айтып кеткен. Кімде-кім оған қол жеткізгісі келсе,
әрекет етуі, ақыл-парасатын, қарым-қабілетін жұмсауы қажет. Бұл тұрғыдан
алғанда, кез келген білім, ол-ӛз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің
дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген ӛзінің
сенімдерін қалыптастыру арқылы кӛрінеді де, ӛз білімін кӛтеруге негіз болады
[1].
Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге
бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмұнының шашыраңқы,
қазіргі
ӛркениеттің ӛзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп
ӛндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып,
жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған,
жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он
бес жылдың кӛлемінде
мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының
моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім
сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы
«инновациялар» енгізілуде. Азды-кӛпті мемлекеттік реформалар жүргізіліп,
оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына
енген жаңалықтарға мына ӛзгерістерді жатқызамыз:
• оқу-тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуын;
• білімнің қоғамдағы орны, және сол жүйені қаржыландыру деңгейін;
• тәрбие және білім жүйесі құрылымын;
• білім
беру
мазмұнын,
яғни
оқу
жоспарларындағы
және
бағдарламаларындағы ӛзгерістерді;
257
• мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін айтуға.
Қорыта келгенде, мектептің мемлекет алдындағы жауапкершілігі жоғары
болуы қажет. Ӛйткені жас баланың бойына адамгершілік негіздерін
қалыптастырып, білім нәрінен сусындатар, ӛзінің дәстүрінен алшақтатпай,
туған тілін, салт-дәстүрін қажетті деңгейде үйрету-басты міндет.
Осындай
мақсат, міндеттерді үнемі ұстанып отырған мектептің жетер жетістігі,
бағындырар биігі зор болмақ.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары және оларды қолданудың
мүмкіндіктері В.С.Гершунский, В.М.Ленива, Е.И.Машбиц, Г.К.Нұрғалиева,
Е.С.Полат, В.Г.Разумовский, т.б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген.
Аталған еңбектер білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологияны
қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып кӛрсетеді.
Жаңа ақпараттық технологиялар білім мен мәліметтерді әртүрлі формада,
әртүрлі күрделілілік деңгейде ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада
қолжеткізуге, қолайлы жылдамдықпен бірнеше рет қайталап отыруға мүмкіндік
береді. Білім беру процесінде табиғи және дәстүрлі лабораториялық жағдайда
кейде қол жетпейтін кӛрнекіліктерді пайдалануға, мотивацияны жоғарылататын
материалдарды жақсы меңгеруге кӛмектесе алады. Жаңа ақпараттық
технологияларды білім беру процесінде қолдану
білімнің жаңа сапалық
деңгейіне қол жеткізеді, ӛйткені бұл потенциалдық мүмкіндік ақпараттық
технологияның мәнінде жатыр.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
«Основы кредитной системы обучения в Казакстане» деп аталатын ұжымдық
монографиясында елдің келешектегі білім беру саласындағы тұғырнамалар
анықталып, ол кәсіби білім берудің тек жоғары сапасымен ғана емес, сонымен
бірге азаматтық қоғам іргетасы ретіндегі жаңа білім беру философиясымен де
айқындалмақ делінген. Онда біршама негізгі міндеттер де анықталған:
• икемді, мобильді жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру;
• жоғары оқу орындарының адаптациялық потенциалын кӛтеру;
• оқу орындарындағы академиялық және ұйымдастыру құрылымын,
ондағы инфрақұрылымдарды жетілдіру;
• әдістемелік жүйені және білім беру технологиясын реформалау;
• педагогикалық үрдісті жетілдіру,
педагогикалық құрам сапасын
жақсарту.
Бұл айтылғандардан туындайтын мәселе, шындығында, ұлттық идея
негізіндегі кешенді білім беру философиясын қалыптастыру қажеттілігінің бар
екендігі.
Сондай-ақ қазіргі кезде, кредиттік технологияны іске асыруда жоғары оқу
орындарында
тұрмыстық
психология
деңгейіндегі
науқандылық-
орындаушылық тенденция байқалады. Сондықтан кредиттік жаңа оқу жүйесін
енгізудегі естен шығармайтын ұстанымдардың бірі-ұлтымыздың дәстүрлі жан-
жақты этикалық білім беру жүйесінің басым болуын естен шығармау керек [2].
Қорыта айтқанда, біздің еліміздің білім жүйесі кейбір кемшіл тұстарына
қарамастан жоғары дәрежеге сай білім беру сатысына жақын әрі болашағынан
258
жоғары үміт күтуге болады деп есептеуге мүмкіндік беретін жағдайда. Алға
қойылған мақсат-міндеттер, жоспарлар тек сол сӛз жүзінде қалып қоймай
жүзеге асуы болашқта жоғары дәрежеге кӛтерілуі біздің ӛз қолымызда. Білім
беру жүйесін күнен күнге жаңартып жоңғары талаптар қойылып жатқандығына
үрейлене қарамай соған ілісе жүріп үйреніп кетуге тырысу керек. Менің кӛзіме
біздің болашағымыз ертегі іспеттес елестейді.
Әрине болашақтан мынандай
болады деп ашып айту мүмкін емес жылдамдығына кӛз ілеспей жаңарып
жатқан бұл жағдайда тек болашақтан ерекше бір жаңа нәрсе күтіп соған
ұмтылуымыз керек. Қандай жағдай болмасын болашағымыз ӛз қолымызда
екенін естен шығармай біз қалай құрсақ сондай ортада ӛмір сүретінімізді
ұмытпауымыз керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Асқарбаев А., Храпченко Г.М. Мектептердегі оқытудың
мазмұны мен әдістері. Алматы. «Мектеп», 1981
2.Демесінова С. Оқушылардың ойлау қабілетін логикалық есептер арқылы
дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: