«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫ ТАЛАП ЕТЕТІН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ–



Pdf көрінісі
бет96/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫ ТАЛАП ЕТЕТІН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ– 
КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ ӘДІС –
ТӘСІЛДЕРІ. 
 
Сағынбек А. 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бейсенбаев С.К. 
Баскетбол ойынында дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық машықтану 
мен тәжірибесінде тӛмендегідей қасиеттер қарастырылады: жылдамдық 
қабілеттері, күштілік, тӛзімділік, икемділік, иілгіштік, үйлестіру қабілеттері. 
Дене дайындығының болуы ойын тәсілін жетілдіруге әсер етеді. 
Баскетболшылардың қимыл-қозғалыс әрекеттеріне жасалған талдау ойынның 
жоғары жылдамдықпен және шапшаң қимылдармен, секірулермен, қорғаныс 
қимылдармен, алдаулармен орындалатын жылдамдық – күштілік әрекеттерінен 
құрылатындығын кӛрсетеді. Жақсы дене дайындығы қарсыласпен жекпе-жекте 
допты епті меңгеруге немесе оның ӛз торына түсуге қарсылық кӛрсетуге 
мүмкіндік береді. 
Жалпы баскетболшы дене қасиеттері организмнің шыдауына және 
дамытуға бағытталған: барлық органдар мен жүйелердің функционалды 
мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшық еттерді дамыту, күш, шапшаңдық, 
тӛзімділік, иілгіштік қасиеттерін талап деңгейіне кӛтеру. 
Баскетболда оқушылардың дене қасиеттерін арттыру жолдары.
Иілгіштікті тәрбиелеу.«Иілгіштік» ұғымы тірек - қимыл аппаратының 
морфоқызметтік қасиеттерін бейнелейді, ол оның топтарының қозғалғыштық 
деңгейін анықтайды. Баскетболшының қимылды үлкен құлашпен орындау 
қабілеті кӛп жағдайда әдіс амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың 
шапшандығы мен дәлдігін анықтайды. Иілгіштікті дамыту деңгейінің ӛлшемі 
қимылдың ең жоғарғы құлашы болып табылады. Қимыл құлашы буындардың 
қозғалғыштығына бұлшықеттердің, сіңір мен қоспалардың икемділігіне, 
бұлшықет күшіне, сондай-ақ, орталық жүйке жүйесі жағдайына байланысты 
болады [1]. 
Баскетболда оқушылардың иілгіштігін дамытудың негізгі міндеттері бұл 
сапаны баскетбол талаптарына сай жетілдіру. Бірінші кезекте балтыр табан 
және білезік-қоспа буыңдары қозғалтқыштығының ұлғаюына назар аудару 
керек. 
Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты әдіс-қайталау 
әдісі. Баскетболда тынығу қабілеті доп салу және лақтыру қимылдарына сәйкес 
дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің, арқаның бұлшықеттер жиырылуы 
қимыл әдісін меңгеруді қиындатып, оның ӛзгергіштігі мен әсерін шектейді. 
Жұмсақтық еркіндік пен айлакерлік баскетболшыға секіруде, әсіресе ойыншы 
белсенді қайталау әрекетіне дайындалған сәтте қонуда ӛте қажет. Жоғары 
дәрежелі баскетболшылар әдетте тынығу ӛнерін біледі, әдістерді бұлшықеттің 


254 
тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қалғандарын тиімді тынықтырып, тек 
қажеттісін ғана белсенді жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін орындайды. 
Күшті тәрбиелеу. Жаттығушының сыртқы қарсылықтарға қарсы тұру 
әрекеті-күш деп аталады.. Ойын әрекетінде осы дене сапалары баскетбол 
ойынының дұрыс әдістеріне лайық белгілі бір қимыл дағдысы шеңберінде, 
қимыл шапшандығымен үйлестіріліп кӛрінеді. 
Баскетболда жылдамдық - күш қабілеті маңызды орын алады. 
Баскетболдың 70% қимылы жылдамдық-күш сипатында болады. Алайда 
қорғаныс тұрысында, допты тартып алуда және басқа қатты қимылдарда едәуір 
табанды күш қажет. Сондықтан ойыншының күш дайындығы жан - жақты 
болып, әрі бұлшықет күшін түрлі тәртіпте дамытуы қажет. 
Баскетболда оқушыны дамытудың негізгі құралдары орнынан және қысқа 
екпінмен жоғарыға немесе ұзындыққа түрлі секірулер, секіру топтамалары, 
гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру. Сондай-ақ, серпілумен орындалатын 
түрлі жаттығулар болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет