«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


СПОРТШЫНЫҢ ЖАТТЫҒУ МЕН ЖАРЫС КЕЗДЕРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет60/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

СПОРТШЫНЫҢ ЖАТТЫҒУ МЕН ЖАРЫС КЕЗДЕРІНДЕГІ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ 
 
Хамит Е. 
«Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Мусирова Г.Б. 
Кез-келген спорттың ерекшелігі спортшының психикасының белгілі бір 
жақтарының дамуына себепкер болады.Мысалы, оның қабылдауына, 
зеректігіне, есте сақтауына, елестетуіне, кӛңіл-күйіне, моральды ерік 
қасиеттеріне. Волейболшының психикалық дайындығының мәселелер шеңбері 
мен оның мазмұнын анықтау үшін олардың іс-әрекетінің психологиялық 
ерекшеліктерін білу қажет.Спортшылардың психологиялық дайындығын екіге 
бӛлуге болады: жалпы және нақты сайысқа дайындық. 
Спортшының 
психологиялық 
дайындығы- 
бұл 
педагогикалық 
процесс.Оның жемістілігі жалпы педагогикалық принциптердің орындалуына 
байланысты.Жалпы педагогикалық принциптердің ішінен мыналарды ерекше 
бӛлген жӛн: саналық және белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, жанжақтылық 
пен беріктік. 
Жалпы психологиялық дайындық спорттық жетілдірудің барлық кезеңінде 
дайындықтармен бірқатарда тұрады.Олар тек ғана спортшыны келесі жарысқа 
дайындауға ғана емес, сондай-ақ спорттық жетілдіру міндеттерін шешуге де 
бағытталған. 


165 
Мысалға,волейболшының жалпы психологиялық дайындығының негізгі 
міндеттері мыналар: 
1.спортшының жеке қасиеті мен моралды белгілерін тәрбиелеу және 
коллективті қалыптсатыру 
2.қабылдау процесін дамыту 
3.зейіннің кӛлемін, қарқындылығын, тұрақтылығын, таралуы мен 
ауысуының дамуы 
4.тәсілдік ойлауды, есте сақтауды, елестетуді, ойын жағдайын тез және 
дұрыс бағалау қабілеті, тиімді шешім қабылдап, ӛз әрекетін бақылауды дамыту. 
5.ойында және дайындық кезінде ӛз эмоциясын басқара білу қабілетін 
дамыту. 
6.ерікті күш қасиетін дамыту. 
Арнайы қабылдау.Волейболда іс-әрекеттің ерекшелігі зейіннің, сезінудің, 
қабылдаудың арнайы қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.Нәтижесінде 
жоғары дамыған кешенді қабылдау пайда болады.Оның негізінде әртүрлі 
анализаторларға келіп түсетін нәзік түрлендірілген тітркену жатыр [1]. 
Зейіннің дамуы.Волейболшының әдістік, тәсілдік әрекетінің жемісі едәуір 
дәрежеде зейіннің,оның кӛлемі, белсенділігі, тұрақтылығы, таралуы,ауысуы 
сияқты қасиеттердің даму деңгейімен анықталады.Волейбол-ӛте қызу зейінді 
талап ететін динамикалық ойын.Зейін қаншалықты кӛп бӛлінсе соншалықты 
спортшы нерв энергиясын жұмсайды.
Ойын ұзақтығы, жағдайлардың түрлілігі зейіннің жоғарғы тұрақтылығын 
талап етеді. 
Тәсілдік әрекетте волейболшының шығармашылық ойлауы жүзеге асады. 
Стандарт бойынша волейболда әрекет ететін емес, тәсілдік ойын жүзеге асыра 
алатын жеңеді. 
Эмоционалды 
жай-күйдің 
белсенділігі 
ойынның 
мәні 
мен 
жауапкершілігіне байланысты. Ойын мәнде болған сайын эмоционалды жай-
күйдің белсенділігі артады. Ойын барысында эмоционалды жай-күй бірдей 
жүрмейді.Эмоцияның белсенділігі ойынның жауапты сәттерінде, әсіресе 
партияны ойнап болу сәтінде кӛрінеді [2]. 
Ерік-күш қасиетін тәрбиелеу-квалификациялы спортшыны дайындаудың 
маңызды міндеттерінің бірі. Спортшы меңгеруі керек негізгі ерік-күш 
қасиеттері-мақсаттылық және ӛжеттілік, шыдамдылық, ӛзін-ӛзі ұстау, 
тәуекелділік, батырлық, белсенділік, тәрбиелілік. 
Жылдамдық қозғалысты жылдам орындау қабілеттілігі ретінде 
волейболда, допты ойынға қосуда, шабуылда, сақтандыруда, тосқауыл қоюда 
жылжуда кӛп кӛрінеді. Ол белгілі бір мӛлшерде бұлшық ет күшіне тәуелді 
болады, міне сондықтан бұл екі қасиетті қатар тәрбиелейді. Жылдамдықты 
тәрбиелейтін жаттығуды, қатты шаршағанда орындауға болмайды, себебі 
қозғалыс координациясы бұзылып, оларды тез орындау қабілеті жоғалады. 
Тӛзімділік-бұл ағзаның шаршауға қарсы тұра білуі, ұзақ уақыт бойы 
қозғалыс әрекетінде оның тиімділігін тӛмендетпей болу қабілеті. Тӛзімділіктің 
даму деңгейі ең алдымен қан тамырлардың, демалу, нерв жүйесінің, зат алмасу 


166 
процесінің функционалды мүмкіндігімен анықталады. Сондықтан жалпы 
тӛзімділікке тәрбиелеу ең алдымен жүрек ӛнімділігінің жоғарылауы мен 
сыртқы демалу жүйесімен кӛрініс табады.Тӛзімділікті дамытуда бір қалыпты 
жаттықтыру, қайталама-ауыспалы жаттықтыру, шеңберлі жаттықтыру, 
жарыспалы әдістерін қолдануға болады 
Тактикалық және жарыстық дайындық жылдық циклде алдыңғы орынды 
алады және жаттығу уақытының 50 пайызын құрайды. 
Тактикалық дайындықтың негізгі критерийі болып достық ойындары мен 
дайындық жарысының кӛрсеткіштері табылады. Жалпы нәтижеден басқа 
ойынның жеке жүйесінің, қорғаныс пен шабуылдауда командалық тактиканың 
тиімділігі бағаланады. Бұл кӛрсеткіштерді бақылау бағасы ретінде 
пайдаланады. 
Жарыстық дайындық –дайындық процесінің жекелеген жақтарын 
біріктіреді. Жаттықтыру процесінде оған айтарлықтай уақыт бӛлінеді. Бұдан 
календарлық ойындар да енеді [3]. 
Жарысты дайындықтың негізгі әдісі ретінде ойынның күрделілігінің бірте-
бірте ұлғаюын олардың психологиялық қысымдығын қарастырады. 
Жарыстарға қатысудың бағасы болып бақылау, достық пен этаптық 
календарлық жыл ойындарының нәтижесі табылады. 
Дамуды кӛздейтін факторлар, ойыншылардың спорттық формасын 
қалыптастыру мен қолдау және жұмылдырылған дайындығы: 
-ойыншылардың физикалық дайындығының жай-күйімен , яғни физикалық 
қасиетінің даму деңгейімен 
-ойыншылардың 
жұмысқа қабілеттілігімен-олардың функционалды 
мүмкіндігінің жағдайымен 
-техникалық дайындығымен 
-тактикалық дайындығымен 
-ойын дайындығымен 
-жарыстың дайындығымен 
-психологиялық дайындығымен; 
Дайындық кезеңінде техника-тактикалық дағды нығаймай ойынды, 
жарыстық дайындықты жүргізуге болмайды деген дәстүрлі түсінік 
қалыптасқан. 
Қорытындыда, ӛзімен бірдей қарсыласпен ойнағанда жарыстың 
психологиялық қысымдығы кӛтеріледі. Ал ӛзінен күштімен ойнағанда тәжірибе 
жинақтайды. 
Жеке тұлғаның дамуында маңызды фактор болып ӛзін-ӛзі тәрбиелеу 
жатады. Ол жаттықтырушымен бағытталуы тиіс. Волейболшының жеке 
моральдық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктері және олардың кӛрінуі 
волейбол спецификасымен, ойынның коллективті сипатымен тығыз 
байланысты болады [4]. 
Коллективтің ықпалы үлкен. Бірақ бұл коллектив құрамына, яғни онда 
қандай дәстүр, ӛзара қатынас және байланыс басым болатындығына 
байланысты.Коллектив спортшыдағы жеке бас қасиеттерінің қалыптасуына 


167 
ауқымды 
әсер 
етеді.Бірақ 
тәрбиеге 
жеткілікті 
кӛңіл 
аудармаған 
жаттықтырушысы бар коллективте ойын дағдысын жақсы меңгерген, ал 
моральдық жағынан тұрақсыз волейболшылар кездеседі. Олар коллективке кері 
әсерін тигізіп ойынға ғана емес, жеке бастың белгілерін қалыптастыруға 
қолайсыз ықпал етеді.Волейбол командасының моральды күйі команда ішінің 
жеке ӛзара қарым-қатынасы мен сипатына тікелей тәуелді.
Коллективті сезім, достық қарым-қатынас пен кӛмек, спортшылардың 
бірігуі команданың жемісті іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады. 
Сондықтан ӛзара жеке қарым-қатынас пен команданы жасақтау ерекше орын 
алу керек. 
Осылайша жаттықтырушы спортшылардың жеке ерекшеліктерін ескере 
тәрбиелеу мәселелерін шешуі тиіс. 
Спортшының бойындағы белсенділік пен тәртіптілік қасиеттері 
шығармашылық бастама енгізу мен басқа адамдардың ықпалы мен олардың 
әрекетіне кӛнбеу қабілетінен байқалады. Талапты, белсенді ойыншы 
ұйымдастырушы болып табылады, ӛзінің командасын алып жүреді.
Тәртіптілік ойыншының ӛз әрекетіне коллективтің міндетін, ӛз команда 
әрекетінің жоспарын бағындыра білуден кӛрінеді [5]. Ал белсенділік, қойылған 
міндетті ӛз бетінше шешу, мақсатқа жету құралдарын ӛз бетінше табу 
процесінде тәрбиеленеді. Мӛлшерінен тыс баптау белсенділікті басады, барлық 
жағдайда да жаттықтырушыға сүйенуге үйретеді. Спортшымен қойылған 
талаптардың орындалуы саналы және жүйелі сипат алуы тиіс. Жаттықтырушы 
тәртіптілік пен ұйымдастырушылықтың үлгісі болуы тиіс.Бұл қасиетті 
тәрбиелеуде маңызды ролді жаттықтырушы мен ұжым ойнайды. 
Педагог тәрбиеленушілер мен жаттықтыру сабақтарын бастаған кездерден-
ақ ӛзінің шәкірттерінің денесі мен психологиялық саулығын нығайтуға жағдай 
жасау керек.Жаттықтырушы оларды ӛз кезегімен ӛмірге, еңбекке, 
қиыншылықты жеңе білуге және кӛбінесе шәкірттерінің ішіндегі 
қабілеттілерінің үлкен спорттық аренасына және жоғары деңгейдегі жарысқа 
шыққанда ӛздерінен ерекше ұйымшылдықты, естің саралығын, ақыл-ойдың 
парасаттылығын, ішкі сезімнің байсалдылығын талап етуді дайындайды.Ол 
әрдайым спортшыларды күреске, жеңуге-дайындайды,қарсыласын, ӛзін, 
уақытты, кеңістікті және сондай-ақ жасын жеңу жеңісіне жігерлендіру 
қабілетіне тәрбиелейді. Спортшының мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы 
атаққұмарлығы соңғы орын алмайтынын, жаттықтырушы естен шығармауы 
керек. Адам мінезінің қаттылығы, ерік-жігері мен сабырлылығы, ӛзінің жеке 
тұлғалылығы шексіз нығайту мен ерекшеленуге бет бұрысы спортпен 
тәрбиеленеді. 
Елімізде жастардың ӛзін-ӛзі тануға, ӛзінің мүмкіндіктерін ашуға кӛмек 
беріп жүрген ӛз ісін жанындай жақсы кӛретін мыңдаған дене тәрбиесі 
педагогтары жұмыс істейді. Дене мәдениеті және спорт маманының тәрбиелік 
қызметінің күрделілігі сонда, спорт тӛтенше мәнерлік пен дәлдікке толы, 
қозғалысты әсерлі және кӛп сырлы үнемі даму жолында болады. 


168 
Жеке тұлғаның ӛзінде қайталанбайтын талап пен жігер, ӛзіндік бір 
ӛзгешелік пен ерекшелік болады. Егер педагог ӛзінің шәкіртінің даралығы 
ашылсын десе, ол ең алдымен оған белгілі бір жағдай жасап жеке 
тұлғалылығын ашуы керек. Спорттың маңызды тәсілі сол, ол адам 
даралығының құнын сондай-ақ талап пен жігерін, қабілеті мен даралығын 
сақтай да, дамыта да біледі. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Родионов А.В. Практическая психология физической культуры-
Махачкала: Юпитер, 2002. 
2. 
Методики психодиагностики в спорте / Под ред. В.Л.Марищука, 
Ю.М.Блудова, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серовой.-М.,1989 
3. 
Горвунов Г.Д.Психопедагогика спорта.-М.,1986 
4. 
Коломейцев Ю.А. Взаимоотношения в спортивной команде.-М.,1984 
5. 
Алексеев А.В.Себя преодолеть.-М., 1985 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет