170
Бағдарламаның басты мақсаты, қазақ тілінің мәртебесін кӛтеріп, мемлекеттік
тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс делінген. Ӛз тілінде еркін сӛйлеп, ӛз
тілін құрметтейтін тұлғаны тәрбиелесек, ӛзге тілді қадірлейтін тұлғаны да
тәрбиелейтінімізге кӛз жеткіземіз [4].
Сонымен қатар қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесі заманға сай жаңа
технология, жаңа жүйелердің енгізілуімен де дамып келеді.Елбасы Қазақстан
халқына арнаған
Жолдауында оқу үрдісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты
технологияны енгізу қажеттігін атап кӛрсеткен болатын. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны
кредиттік технологиясыз кӛзге елестетудің ӛзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті
технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан оқыту технологиясын
қолдану, мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, электронды оқу
залдарының санын кӛбейту
, ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру кеңінен жалғасып
келеді және де жалғаса бермек [5].
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесі заманға сай дамуы, жастар
болашағы үшін жасалып жатқан мүмкіндік десек, қате айтқанымыз болмайды.
Болашақтағы білім беру жүйесін ары қарай дамыту, қазіргі таңда заманға
сай технологиялар арқылы білім алып жатырған жастар қолында. Сол мақсатта
АрқМПИ студенттері де осындай жүйемен білім алып, еліміздің дамуы үшінде,
білім жүйесінің дамуы үшінде аянбай еңбек етуіміз керек. Болашақта тілдерді
дамыту аясында берілген бағдарламаларға сәйкес еліміздің білім жүйесін жетік
меңгеретін болсақ, біздің ӛзіндік технологияларымыз дамып, әлем кеңістігіне
шыға алатынына толықтай сенім білдіре аламын. Жаңа білім жүйесіне осындай
мүмкіндіктердің жасалуы жас ұрпақты тәрбиелеуде және жоғары құзыретті
мамандар дайындарға айқын жол болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. -
Алматы: 2000. –
2.
Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым,
1999.
3.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995.
4.
Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998.
5.
Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999.
Достарыңызбен бөлісу: