«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет68/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Арғынбай А Қ 
«Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі : Айтжанова Б Б 
Іскерлік ойындар - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі 
әртүрлі практикалық жағдайларды кӛрсету арқылы жүзеге асады. Қазіргі 
кездегі соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы басқа 
ойындар осы байырғы мәдениеттен туындаган. Осылайша XX ғ 50 - ші 
жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар, бертін келе 
психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады. Іскерлік ойыны 
сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып, 
шет тілін оқыту кезінде қолдануға үлкен мүмкіндік береді.
Ойында ойыншынын кәсіби - педагогикалық ойлау образына енуі, бұл 
ойынның басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік ойынның негізі- 
проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі 
проблемалық ролдік шешуді жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа 
ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретінде 
қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық 
мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын ӛзгерістерді жобалап отыруы 
қажет. Әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың 
әрбір ойын кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді [1]..
Осылай ойлау қабілеті нәтижесінде ойыншылар педагогикалық образға 
толығымен кіріп, қандай ӛзгеріс болатынын түсіне алады. Ойыншыларда 
педагогикалық процесс моделінің біркелкі образы ойында болған әртүрлі 
жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бұл модель жеке түлғалық сипатқа ие 


189 
болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс - әрекетінің таңбасына 
ойыншының ӛзін ойын барысында ұстай білуі, ойын толық жеткізе білуін және 
әр ойыншының ӛзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты калыптасады. 
Сонымен қатар іскерлік ойынның барысында әр ойыншыда ӛзін басқалардың 
кӛмегімен, яғни сырт кӛзбен қадағалау және басқаларды да танып білу 
қалыптасады. Ӛздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жолында ӛзіндік 
нәтиже шығарумен қатар басқалармен бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру 
әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт.
Ойынның шартты модельдері және ойын барысында жинақталған іс-
әрекеттер ойыншылардың кӛзқарасын едәуір кеңейтеді. Іскерлік ойында 
ойыншыларда екі түрлі кӛзқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға 
кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен 
осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы 
нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды ӛзі деп есептейді. 
Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ тӛзімділік, 
басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік 
қалыптасады. Білім алу процесі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен 
ӛтеді: ойын барысында: образ арасындағы қарым — катынас кезеңі; -
қорытындылау кезінде: пікірталас кезеңі;
Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар кӛп кездессе және олар 
образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып ӛтеді. Әрбір ойын 
мағынасына қарай ӛзіне тән қүрылымы, рӛлі, сюжеті болады және мұғалімнің 
басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай ӛтуі 
жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. 
Ол әрбір ойыншының ӛзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға 
тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін 
білгенде ойын сәтті ӛтеді. Әрбір топ ойынды ӛзінше дамытып, жаңа 
кӛзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады [2].. 
Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап, ұйымдастырып, ойынды 
ӛткізіп, соңында қорытынды жасап, ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын 
алдында бірнеше күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды ойынның 
мақсатымен, мағынасымен, кұрылымымен, ойынның сюжетімен, рӛлімен 
таныстырып, үй тапсырмаларын беріп, орындалғанын қадағалап, рӛлдсрді 
бӛлуге кӛмектеседі. Рӛлдердің орындалуы мен сюжеттің дамуына қатаң шарт 
қою ойынға кызығушылықты және ойыншылардың сюжетті дамытуына кері 
әсерін тигізеді. Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі жаттығуларға 
ұқсап, қызығушылықты жоғалтады. Ойын басында жүргізуші ойыншылардың 
бірқалыпты 
эмоциялық 
тұрактылығын 
қамтамасыз 
етумен 
қатар, 
психологиялық тұрғыдан образға кіруге жағдай жасайды. Бұл іскерлік ойынын 
жүргізуге 45 - 90 минут кетеді Ойынның ең маңызды кезеңі - қорытынды 
жасап, пікір таласу. Қорытынды жасау ойынға кететін уақыттың тең жартысын 
алады. 
Іскерлік ойындарда: кіріспе, іскерлік ойындардың ӛтілуі әдістемесі және 
кӛрнекі құралдары сипатталады. Кіріспе бӛлімінде іскерлік ойындардың 


190 
педагогтарды оқыту жолындағы мағынасы жайлы сӛз етіледі. Іскерлік 
ойындардьң ӛтілу шарттары мен ӛтілу әдістемесі керсетіледі және іскерлік 
ойын материалдары қарастырылады. 
Шетел тілін оқытуда іскерлік ойынды ӛткізу кезінде міндеттің мазмұнына 
байланысты калькуляторлар, оқу тақтасы немесе сұлбалар мен формулаларды 
бейнелеуге арналған ватман, анықтамалықтар, заңдар мен нормативтік актілер 
мәтіндері қажет болуы мүмкін.
Шетел тілін оқытуда іскерлік ойынды екі 
оқытушы-педагогтың күшімен ӛткізгені дұрыс болады [3]. 
. Ойынның кейбір сәттері әр түрлі функцияларды бір мезгілде орындауға, 
мысалы, келесі ойындық бұрылысты ойлап табуға және топты «ойындық 
тонуста» ұстап тұруға мәжбүр етуі мүмкін. Бірақ екі оқытушыға мұндай 
жағдайларсыз да, әсіресе командалардың жұмысын бақылағанда жұмыс жетеді. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Бакулин П.И., Кононович Э.В., Мороз В.И. Курс общей астрономии: 
Учебник. М.: Наука, 1983. - 560 с. 
2. 
Бакшаева Н.А., Вербицкий А.А. Психология мотивации студентов. М.: 
Логос, 2006.-184 с. 
3. 
Беспалько В.П. Образование и обучение с участием компьютера 
(педагогика третьего тысячелетия). — М.: Изд-во МПСИ, 2002. — 352 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет