ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ - МӘҢГІЛІК
ЕЛДІҢ ҦЛЫ ТАРИХЫ
Әбен М.Н.
«Математика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі:Абдрахманова М.Т.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан
Республикасы
дүниежүзілік
қауымдастықпен
нарықтық
экономикалы ел деп танылып отыр. Білім - әлемдегі ӛркениетті дамыған
елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі кӛрсеткіші мен негізгі басыңқы
бағыты болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін
бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрады:
1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық
базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);
2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту
(1995- 1998 жылдар);
3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім
беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);
4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001
жылдан бастау алған қазіргі кезең)
191
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл),
«Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді
дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық
нысандағы құжаттармен бекітілген. Кӛптеген жоғары білім беру мекемелері
Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру
кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге
асыруда, ол тӛмендегідей деңгейлерден тұрады[1].:
- жоғары базалық білім жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр»
дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
- жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр»
академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;
- докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау
жүйесінің орнын басатын бағдарлама.
Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім
беру бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық
экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге
бағытталған. Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір
жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары
мен формаларының әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру
жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке
білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды [2]..
Жоғары білімді қаржыландыру мәселесіне ерекше кӛңіл бӛлініп отыр.
Қазіргі күні АҚШ-та бұл мәселе ӛте ӛзекті болып табылады. Мұндай
құбылыстың себебі экономикалық даму саласына қатысты және де АҚШ-тағы
белгіленген әлеуметтік топтардың әлеуметтік теңсіздік мәселесінен туындаған.
Алайда аталған факт АҚШ-қа қарағанда жан басына шаққандағы ЖІӚ деңгейі
тӛмен елдерде, әрине оған Қазақстан да енеді, жоғары білім саласын жеткілікті
мӛлшерде қаржыландыру қажеттілігін ойландырады. Егер Қазақстанның
қаржылық күштерін басқа елдермен салыстыратын болсақ, Қазақстандағы
білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындар үлесінің тым тӛмен екендігі айқын.
Осылайша, Қазақстан ЖІӚ 0,3% жоғары білімге жұмсай отырып, Малайзия,
Таиланд, Қытай сияқты елдермен салыстыруға келмейтінін және ОЭСР
елдерінің орташа кӛрсеткішінен (1,3%) біршама тӛмен екендігін байқаймыз.
Мемлекеттік қаржыландырудың тӛменгі деңгейін ӛтемақылау үшін үкімет үш
элементтен тұратын ресурстарды шоғырландырудың кӛпжақты стратегиясын
қабылдады:
- жеке жоғары білімді жедел дамыту;
- мемлекеттік университеттер мен колледждерінің шығындарына үлестік
қатысу;
- кей мемлекеттік университеттерді жекешелендіру.
Алайда ресурстарды жай ғана арттыру әрдайым да қажетті нәтижежелер
бермеуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауында айтылған: «Қазақстандық ЖОО міндеті - әлемдік стандарттар
192
деңгейінде білім беру, ал жетекші ЖОО дипломдары әлемде танылуы тиіс.
Олар мұны жасауға міндетті. Біз әрбір қазақстандыққа жоғары білім алудың
нақты мүмкіндігін беруіміз керек. Студенттердің оқуын қаржыландырудың
бірыңғай жүйесін құру мақсатында үкіметке бюджеттен білім беру несиелерінің
есебінен білім беру гранттарының кӛлемін 50% арттыруды тапсырамын.
Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер арқылы несиенің қайтарымын
мемлекеттік
кепілдемемен
қамсыздандыру
жолымен
студенттік
несиелендірудің заманауи жүйесін құру».
Қазақстандағы ЖОО білім беру бағдарламаларының санына, ғылыми-
зерттеу жұмыстарының кӛлеміне, ғылыми-педагогикалық кадрлардың
біліктілік деңгейіне байланысты бірнеше типтерге бӛлінеді, атап айтатын
болсақ: университеттер, академиялар және институттар.
Ұрпағының болашағын ойлаған ұлт жастарының білімді болуын басты
мақсат етері даусыз. Жасы кіші болса да ақылы асқанды аға сыйлайтын қазақы
қағиданың қаншалықты ӛміршең екенін сӛзбен тауысып жеткізу мүмкін емес.
Тамыры тереңге жайылған тарихында қазақтың білім-ғылым жолын насихат
еткен аузы дуалы абыздары, данышпан датқалары, шежірелі шешендері ӛте кӛп
болған. Сондықтан баба дәстүрінен ажырамаған бүгінгі ұрпақтың білімсіз
болуға хақысы жоқ. Осыны мақсат тұтқан Елбасы кеше тікелей ӛзінің
тапсырмасымен ашылып жатқан «Білім» телеарнасын іске қосты. «Білім»
арнасы үш тілде сӛйлейтін болады.
Астанадағы Назарбаев университетіне арнайы ат басын бұрған Президент
Ыбырай атамыз жырлаған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған»
ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, еліміздегі барлық білім
алушы тәлімгерлерге онлайн режимінде дәріс оқыды. Сонымен бірге тұңғыш
рет тек қана ғылыми жаңалықтан хабардар ететін отандық «Білім»
телеарнасының тұсауын кесті. Телеарна, негізінен, үш тілде жұмыс жасайтын
болады. Әлемдік және отандық ғалымдардың жаңа жобалары мен білім беру
жүйесіндегі елеулі оқиғалардың барлығы ендігі кезекте осы арнаның еншісіне
тиесілі. Әзірге «Отау-ТВ» арнасы арқылы ақпарат әлеміне жол тартқан
телеарна алдағы уақытта басқа кабельді жүйелерге қосылатын кӛрінеді.Жастар
еліміздің әлеуметтік, эканомикалық және қоғамдық ӛмірдің барлық салаларына
қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бӛлшегі.
Қазіргі таңда жаңа кӛзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару
үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда
заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа
қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін ӛз
қолдарына алуда.
«Жастар-болашаққа апаратын алтын кӛпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір
ӛскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда ӛз орнын
табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз,
жастардың қоғамдық – саяси ӛмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген
сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны
мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және
193
ақпараттық- саяси мәдениетін кӛтеруге баса кӛңіл аударуға тиіспіз.Әрбір қазақ
жастары ӛздерін ұлтжандымын деп ұғынып,ӛн бойларында ұлттық намысын
жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз
елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға тиіс. Ел
сенімін, үмітін ақтау-жастардың қолында[3]..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңы //Егеменді
Қазақстан, 1999. 11.06. - 2 б.
2.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы //Талдықорған газеті, 2005. 25. 02, - 4 б.
3.
Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1992. – 140-154 б.
Достарыңызбен бөлісу: |