Масса – аддитивті шама: дененің массасы осы дененің барлық бөліктерінің массаларының қосындысына тең. Сәйкесінше, ерікті механикалық жүйенің массасы осы жүйені ойша бөлуге болатын барлық материалдық нүктелердің массаларының қосындысына тең.
Дененің массасы – дененің инерттілігінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.
Ньютонның бірінші заңы: материалдық нүкте (дене) басқа денелердің әсерінен осы күйді өзгерткенше тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты сақтайды.
Ньютонның екінші заңы: материалдық нүкте (дене) алған үдеу, оны тудыратын күшке пропорционал, бағыты бойынша онымен сәйкес келеді және материалдық нүктенің (дененің) массасына кері пропорционал. Ньютонның екінші заңының теңдеуі былай жазылады.
Ньютонның үшінші заңы Материалдық нүктелердің (денелердің) өзара әрекеттесуі Ньютонның үшінші заңымен анықталады: материалдық нүктелердің (денелердің) бір-біріне кез келген әрекеті өзара әсер ету сипатына ие. Материалдық нүктелер бір-біріне әсер ететін күштер абсолюттік мәні бойынша әрқашан тең, қарама-қарсы бағытталған және осы нүктелерді қосатын түзу бойымен әрекет етеді:
Материалдық денелердің қозғалыс немесе тыныштық күйін өзгеріссіз сақтау қасиеті инерция деп аталады.