Механика – механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және осы қозғалысты тудыратын немесе өзгертетін себептерді зерттейтін физиканың бір бөлігі. Механикалық қозғалыс



бет2/6
Дата24.02.2022
өлшемі38,78 Kb.
#26297
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Серікбаева.С механика 1 2 3 лекция глоссарий

Механикалық қозғалыс – денелердің немесе олардың бөліктерінің өзара орналасуының уақыт бойынша өзгеруі.

Дененің импульсі – сан жағынан дененің массасының жылдамдығына көбейтіндісіне тең және бағыты жылдамдықтың бағытымен бірдей векторлық шама.

Магнит өрісі құйынды өріс, себебі магнит өрісі индукциясының циркуляциясы нольден өзгеше.

Магнит индукциясы векторының дивергенциясы әрқашан нольге тең, себебі табиғатта магнит зарядтары жоқ.

Ортаның магниттік өтімділігі ортадағы магнит өрісінің индукциясы вакуумдағымен салыстырғанда неше есе артық екендігін көрсетеді.

Электромагниттік индукция құбылысы деп тұйықталған өткізгішконтурмен шектелген магнит ағыны өзгергенде осы контурда индукциялық электр тогы деп аталатын электр тогының пайда болу құбылысын айтады.
Статика (грек тілінен аударғанда statike - тепе-теңдік) денелердің тепе-теңдігінің шарттарын зерттейді. Тепе-теңдік қозғалыстың ерекше жағдайы болғандықтан, статика заңдары динамика заңдарының табиғи салдары болып табылады.

Берілген есеп жағдайында деформациясын елемеуге болатын дене абсолютті қатты дене деп аталады (бірақ абсолютті қатты денелер табиғатта жоқ).



Берілген есептің шарттарында өлшемдерін ескермеуге болатын денені материалдық нүкте деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет