Механиканың физикалық негіздері



бет3/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
11.02.2021
14:27:10
Механиканың физикалық негіздері.
1. Механика
Механика (гр. μηχανική – машина және машина жасау өнері) – материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым.
2. Механикалық қозғалыс
Денелердің немесе олардың бөлшектерінің уақыттың өтуіне байланысты кеңістіктегі орындарының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
3. Кинематика
Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos – қозғалыс)– механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.
4. Динамика
Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары. Классикалық механиканың бөлімі.
5. Абстрактылы шамалар
Абстрактылы шамалартабиғатта кездеспейтін шамалар, мысалы:

  • Материалдық нүкте;

  • Абсолют қатты дене.

6. Материалдық нүкте
Материалдық нүкте, ескерілмей, бірақ нақтылы массасы бар денелер туралы механикалық ұғым. Материялық нүктенің — белгілі жағдайларда өлшемдері кеңістіктегі орны геометриялық нүктемен алмастырылатындықтан ол механиканың көптеген есептерін шешуді жеңілдетеді.
7. Абсолют қатты дене
Абсолют қатты дене - кез келген екі нүкте аралығы, әртүрлі механикалық әсер кезінде өзгеріссіз қалатын материялық дене.
8. Абсолют серпімсіз дене 
Абсолют серпімсіз дене – сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін деформациясын сақтайтын дене.


9. Ілгерілемелі қозғалыс
Ілгерілемелі қозғалыс деп – қозғалатын денемен байланысты түзудің өзіне-өзі параллель қозғалуын айтады. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктесі бірдей траектория сызады, сондай-ақ уақыттың кез келген мезетінде қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулері өзінің сан мәні жөнінен де, бағыты бойынша да өзара бірдей болып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет