Механиканың физикалық негіздері



бет4/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
10.Айналмалы қозғалыс
Айналмалы қозғалыс (Движение вращательное) — центрлері бір түзудің бойында жататын, барлық нүктелері шеңберлер сызатын дененің қозғалысы. Айналмалы қозғалыс - денемен қатты байланысқан екі (ось маңайында айналдырған кезде) немесе бір (нүкте маңайында айналған кезде) нүктесі қозғалмайтын болып қалатын қатты дененің қозғалысы.
11. Санақ жүйесі
Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.
12. Траектория
Траектория (кейінгі лат. 'trajectorіus' – ығысу немесе орын ауыстыруға қатысты) – материялық нүктенің өз қозғалысы кезінде сызатын біртұтас сызығы.
13. Жол, орын ауыстыру
Жол және орын ауыстыру - қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны s әрпімен белгілеу келісілген.
14. Орын ауыстыру 
Орын ауыстыру - қандай да бір уақыт аралығының бастапқы мезетінде қозғалыстағы материалдық нүктенің орналасқан орнынан, осы аралықтың соңғы мезетіндегі орналасқан орнына жүргізілген вектор.
15. Жылдамдық
Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі: (мұндағы р – нүктенің радиус векторы, т – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі.
16. Орташа жылдамдық векторы
Орташа жылдамдық векторы деп Δ орын айыстыру векторының Δt уақыт аралығына қатынасын айтады.
17. Лездік жылдамдық
Лездік жылдамдық – радиус векторының уақыт бойынша бірінші туындысына тең векторлық шама, оның x, y, Z құраушылары сәйкес координаттардың уақыт бойынша туындыларына тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет