Механиканың физикалық негіздері



бет40/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Вольт-амперлік сипаттама — электр тізбегіне косулы тұрған электрондык элемент (ШӨ диодтыңтранзистордың) тогының берілген кернеуге тәуелділігі. Транзистор сызықты емес элемент болғандықтан, оның Вольт-амперлік сипаттамасы қисық сызық болады
19. Магниттік өріс
Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. Магнит өрiстерiн бейне түрiнде кескiндеу үшiн магнит индукциясы сызықтарын пайдаланады
20. Электрмагниттік индукция құбылысы.
Электромагниттік индукция дегеніміз тұйық жүйедегі магниттік толқынның өзгеруі нәтижесінен, сол тұйық жүйеде электр тоғынын пайда болуы.Электромагниттік индукция 1831 жылы 29 тамызда Майкл Фарадеймен ашылған, оның зерттеулері бойынша тұйық жүйедегі магнитті толқынның өзгеру жылдамдығы, осы жүйеде пайда болған электр қозғаушы күшке тура пропорционал екенін ашты. Электрқозғаушы күш арқылы пайда болған электр тоғы индукциялық тоқ болып аталады.
21.Заттардың парамагниттік, диамагниттік және ферромагниттік қасиеттері.
Парамагнетизм белгілі бір материалдарды сыртқы магнит өрісі әлсіз тартып, қолданылатын магнит өрісі бағытында индукцияланған ішкі магнит өрістерін құрайтын магнетизм түрі.
Диамагниттік, диамагнетизм (грек. dіa – күш сызықтарының ажырауын көрсететін қосымша және магнетизм), диамагниттік – кейбір заттың сыртқы магниттеуші өріске қарсы бағытта магниттелу қасиеті. Д. тек магниттік моменті жоқ атомы бар денелерде байқалады.
Ферромагнетизм — заттардың магнит өрісінде жаңадан магниттелу және магнит өрісі жоғалғаннан кейін де осы қасиетінің жұрнағын сақтап қалу қабілеті.
Ферромагниттерге негізінен темір тобына жататын элементтер (Fe, Со, Ni) және бұлардың көптеген қосылыстары мен қоспалары жатады; табиғи минералдар ішіндегі байырғы ферромагниттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет