Международный гуманитарный технический



Pdf көрінісі
бет12/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
 
 
№ 5 тақырып 
Таным және шығармашылық 
Жоспары: 
1.Таным философиялық мәселе ретінде.
2.Таным объектісі мен субъектісі 
3. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. 
4.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және 
агностицизм.
 
Мазмұны 
Гносеология немесе таным теориясы философия ғылымының саласы, танымның 
мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын 
зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның 
бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. 
Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы 
шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске 
асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары 
мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының 
саласы. Таным теориясы немесе эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. 
Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. 
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы 
Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ 


қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным 
теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. 
Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын 
сақтайды. 
Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер 
қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан 
гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да 
зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті 
білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні 
ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа 
жауап 
беретін 
таным 
теориясының 
өзекті 
мәселесін 
құрайды. 
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным 
деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде 
бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным 
адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы 
танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық 
жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-
әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары 
қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. 
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана 
отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. 
Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы 
салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар 
таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология - айналадағы 
әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше 
gnosis - білім, таным) - философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда 
болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның 
жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға 
"таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп 
белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол - бірдеңені 
танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі 
деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша 
айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным 
объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де 
болуы 
мүмкін. 
Таным 
объектісі 
мен 
субъектісі 
бір-бірінің 
мәнділігін 
шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным 
үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті 
мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. 
Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", 
"білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған 
танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. 
Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет 
бағытталған 
нәрсені 
айтамыз. 
Демек, 
ол 
танылушы, былайша 
айтқанда, 
кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі 
материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы 
мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз 
объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз 
аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және 
олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. 
Бәрінен бұрын, таным процесі субъект пен объектінің өзара әрекеттесуі ретінде 
қарастырылады. Таным – шынайылықтың адам санасында бейнелену процесі.Таным 
барысында болмыстың әртүрлі қырлары ашылып, қоршаған әлемдегі заттар мен 


құбылыстардың, сыртқы жақтары мен ішкі мәні зерттеліп, таным әрекетінің субъектісі – 
адам – адамды, яғни, өзін - өзі зерттейді. Танымның нәтижелері жеке адамның санасында 
ғана қалып қоймайды, ол ұрпақтан ұрпаққа ақпаратты материалды тасымалдаушылар 
арқылы 
жеткізіліп 
отырады. 
Қазіргі зерттеулерде таным теориясымен байланысты мәселелерді зерттеуде мағынасы 
жағынан гносеология тең эпистемология (грек.т. episteme – білім, таным) термині кең 
қолданыс табуда. Ғылыми танымның басты құрамдас бөліктері теория және гипотеза
Ғылыми танымның теоретикалық деңгейіне теоретикалық әрекет пен теоретикалық 
білімнің бірлігі жатады. Ал теорияның мазмұнын оның негізгі және арнайы ұғымдары мен 
тұжырымдары құрайды. Ұғымдарда берілген теорияның объектілері, олардың қасиеттері 
мен қатынастары бейнеленеді. Ал теорияның тұжырымдарында тұтас жүйе ретіндегі 
пәндік аймақтың құрылымы, заңдылықтары мен тәртіптері сөйлемдер арқылы 
бейнеленеді. Ал гипотеза ақиқаттылығы немесе жалғандығы әлі анықталмаған пікірлер 
немесе ықтимал білім формасы жатады. Гипотеза міндетті түрде тәжірибе арқылы 
зерттеуді талап етеді. Гипотеза тәжірибе арқылы тексеруден өтіп, нақтыланса ғана 
ақиқаттылығына еш күмән келтірмейтін ғылыми теорияға айналады. 
Практика түсінігі, оның құрылымдық элементтері. Практика мен танымның өзара 
байланысы. Адамның әлемге деген танымдық қатынасының мәні. Танымның құрылымы, 
деңгейлері. Танымның сезімдік, рационалдық, интуитивтік формалары. Адамның әлемге 
деген танымдық қатынасының нәтижесі мен мақсаты ретіндегі ақиқат түсінігі. Ақиқат 
үдеріс ретінде. Практика ақиқаттың шешуші өлшемі ретінде: ақиқаттың қасиеттері, 
белгілеріТаным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында 
таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде 
бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс. 
Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады. Ол еңбек 
құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам еңбек құралдарының 
көмегімен заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын сыртқы қабығын алып тастауға 
тырысады. Оны ашып, әлемнің құпиясына үңіледі.Таным процесінде объект затсызданады 
(распредмемивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды – идея немесе 
образ түріне өтеді. Игерілген объективті мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары 
объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, соның ішінде келесі 
практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни үнемі жаңа практикалық 
процеске тартылып, іс – қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген 
«адамилық» адамдардың белгілі бір құралы, адами күш, мән, адами қабілет ретінде 
қатысады.Таным процесі әруақытта әлеуметтік қатынастар мен мәдениет әлемінің 
белсенді ықпалымен іске асып отырады.Философияда практика деп адамның өз 
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе өзін өзгертуге бағытталған 
әрекетін айтады. Практиканың негізгі түрі - еңбек. Еңбектің арқасында табиғи күштер 
өзгертіліп, табиғи заттар өңделіп, адамдар қызметінің құрамдас бөлігіне, адамға қызмет 
ететін құралдарға айналып отырады. Практиканың саяси, басқару, тағы да басқа 
формалары бар. 
1)практика – танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы. Практиканың нақты 
сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның 
өзін іс - әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Көне Египетте жер өңдеу геометрия мен 
математиканың тууына себеп болды, ал кеме жөндеу мен сауда ісі астрономия мен басқа 
ғылымдардың дамуын жеделдетті. 
2)практика - өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты. Адамдар алатын білім 
оларға өмірде пайдалану үшін қажет, өйткені білім заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын 
өндіретін өндіріс үшін бірден – бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке 
айналып отырған радио, теледидар физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері 
нәтижесінде пайда болған. Егерде білім практикада қажет болмаса, оның әлеуметтік 
құндылығы төмендей береді. 


3)практика – адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми 
болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. 
Бірақ, бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген 
болжамдар мен идеяларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды.
Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді қолданады, 
мысалы, логикалық дәлелдеу. Осы айтқандарымыздың бәрін қысқаша қорытсақ, практика 
дегеніміз – қоршаған орта мен өзін - өзі өзгертуге бағытталған адамдардың нақты іс - 
әрекеті. Оның негізгі түрлері:Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді 
қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі.Таным – адамның 
нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік процесі. 
Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім 
пайда болады.Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның 
мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін философия ғылымының бір 
бөлігі.Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд 
философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім де, 
ғылымда да болуы мүмкін емес.Философия тарихында таным теориясына ерекше мән 
беріп, оның ерекшеліктерін анықтаған философ Кант.Таным теориясы этика, эстетика, 
адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы 
философия теориясының дербес бөлімінің ретінде өзінің мағынасын сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет