болып
табылады,
теория
эмпириялық
материалды
түсіндіреді.
Зерттеудің
теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен, идеализациялаумен,
объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстарды бейнелеумен ерекшеленеді.
Ғылыми
танымда арнайы методтар қолданылады.
Метод дегеніміз - зерттелетін нәрсені ойша
қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық
деңгейде
бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен
логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен
нақтылыққа өрлеу
сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен
дедукция,
модельдеу)
эмпириялық
және
теориялық
деңгейде
де
кеңінен
қолданылады.
Бақылау - сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол
танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады.
Сезімдік және рационалдық таным.
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен
құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде
жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік
береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.
Таным процесі екі
сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі
болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы
жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: