Жасандыинтеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш
машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады.
Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни
таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан
қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік,
ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің
психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар
ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз - қоғам‚ табиғат
құбылыстарының
адам
санасында
объективті
көрініс
табуы.
Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір сүрудің басқа
түріне өтеді, яғни идеалды - идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік
мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында
сақтау үшін ғана емес, адамдар қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін,
соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі
жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы
игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі
бір
құралы,
адамдық
күш,
мән,
адамдық
қабілет
ретінде
қатысады.
Эпистемология немесе ғылыми таным - дүниенің, объективті шындықтың жалпы
байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі
таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.Ең
алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті
білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-
синтетикалық білім болып табылады. Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек
қасиеттерге, функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жеке бөлшектері
туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесінің қалыптасуына мүмкіндік туады.
Ғылыми танымның екі деңгейін-эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп
көрсетуге
болады.