НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ» 31-арна тілшісі Ирина Советжанқызы (@irina_31tv, 140 мың оқырман (17.11.2021 көрсеткіш)) эфирдегі
материалын осы желі арқылы толықтырып отырады. Журналистің айтуынша, тақырып, түсіру нысанын
табуға ықпал ететін желідегі оқырмандары. Иринаның парақшасында материалдың эфирден алынып
тасталған тұстары, бейнетүсірілімдерінің мазмұны мен кейіпкерлері туралы ақпараттар беріледі.
Тележурналист Instagram Stories-ті де тиімді пайдаланады. Стористері лайфтардан, яғни оқиға
ортасынан түсірілген ерекше сәттерді, «Сөдің шыны керек» айдары эфирге шығатын кезде қысқа
аңдатпалар беріп оқырмандарын кешкілік эфирге тартады. Сонымен қоса, стористегі ақпаратты
лентадағы пост арқылы толықтырып отырады.
Инстаграмдағы жеке парақшасын кәсіби қызметінде ерекше пайдаланып жүрген журналистердің
тағы бірі – Мақсат Толықбай (@maksattolykbai, 358 мың оқырман (17.11.2021 көрсеткіш)).
Тележурналист сториске көп көңіл бөлетінін аңғару қиын емес, Ол күнінен бірнеше рет маңызды
деген ақпараттармен бөлісіп бейнеконтент ұсынады. Лентадағы постқа қарағанда стористің көп қаралым
жинайтынын жете түсінген маман өзі жүргізетін «Ашық алаң» бағдарламасын жарнамалайды. Хабарға
келген қонақтармен қысқаша сұхбат жүргізеді.
Мақсат Толықбайдың желідегі басты ерекшелігі – оқырмандарымен кері байланыстың болуы.
Солардың тарапынан түскен мәселелер бойынша желіде тікелей эфир ұйымдастырып, көтеріліп
отырған мәселені аудиториясымен бірге талқылайды. Бұл жерде негізгі эфирдегідей емес, ой-пікір
жағынан еркіндікті байқауға болады. Сондай-ақ, Мақсаттың «лайфстайл» постарын оқушылар мен
пікір қалдырушылар қатары көп.
Инстаграм, оның ішінде ерекше стористері арқылы көрермен жинап отырған журналистердің бірі
– Нартай Аралбайұлы (nartay_aralbayuli, 203 мың оқырман (18.11.2021 көрсеткіш)). Стористерді жиі
салады, әртүрлі тақырыпты қамтиды. Журналист соңғы уақытта Youtube каналынан шығатын жобасын
жарнамалауды қолға алған. Түсірілімнің қызықты сәттерінен үзінділер салып, аудиториясын Youtube
арнадағы жобасын көруге жетелейді.
Ғалым Л.Хайруллинаның пікіріне сүйенсек, «Сториз – ненавязчивый, но мощный инструмент для
налаживания коммуникации с аудиторией. Он помогает делиться моментами вашей жизни, которые вы
не хотите выкладывать в основную ленту, мгновенно рассказывать о новостях проекта и тут же получать
обратную связь от подписчиков» [3]. Расымен-ақ, лентаға салынған ақпараттан стористегі үзінділердің
көрімділігі жоғары. Мысалы, стористі 2-3 минутта 200-300 адам қараса, постың оқылуы бұдан екі – үш
есе төмен болуы ықтимал. Бұл жерде сторис қаралымы аккаунттың ашық, жабықтығы мен оқырмандары
санына тікелей байланысты.
Инстаграмдағы тағы бір ыңғайлы құрал – хайлайт (актуальное сториси). Сториске салынған ең
маңызды деген ақпараттар осы жерге топтастырылады. Бұл ең алдымен оқырмандар үшін ыңғайлы.
Өйткені сторис бір тәуліктен кейін автоматты түрде өшіріледі, ал аудитория көре алмай қалған
материалдарын осы жерден қарайды.
Оқырмандар интернет арқылы қарайтын ақпараттарды саралау барысында кәсіби журналистердің
мәліметтеріне көбірек сүйенеді. Журналист- ғалым Қуандық Шамахайұлы
кәсіби журналистер блог, микроблог, уики-парақшаларды жеке адамдар арасындағы байланыстың
міндетін атқаратын дүние ретінде емес, қажет ақпаратты, пайдалы мәліметтерді қабылдаудың негізгі
арнасына айналдырғандығын айтады. «Осылайша журналистер оны ресми парақшаға айналдырып,
сенімді ақпарат көзі етуге, шынайы мәліметтер нысаны етіп, жаңалықтар таратуға, іскерлік ой-пікір
нысаны етуге тырысатын журналистер арасында игі үрдіс пайда болды. Журналистер арасындағы
осындай жаңашылдық дәстүрлі ақпарат құралдарының мазмұнын байыта түседі» [4].
Бұқаралық ақпарат құралдары да трендтен қалмай, инстаграмдағы ресми парақшаларын жүргізуге
тырысып отыр. Олар да сториске көңіл аудара бастады. Өйткені көрерменнің басым бөлігі желіде
отыратындықтан, негізгі контентке көңіл аударту үшін сторис арқылы түрлі ақпараттар беруді
жандандырып келеді. Төмендегі кестеден бірнеше телеарнаның сторис берудегі ерекшелігін байқаймыз: