Международный журнал информационных и коммуникационных технологий



Pdf көрінісі
бет20/187
Дата17.10.2023
өлшемі3,05 Mb.
#117203
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   187
Байланысты:
15-10-PB

Ключевые слова:
образование, менеджер, вызов, компетенции, финансовая информация, Болашак, 
наука.
Автор туралы мәлімет:
Аскаров Даурен Т., 
PhD, Экономика және Бизнес кафедрасының ассистенті, Халықаралық ақпараттық 
технологиялар университеті.
Сведения об авторе:
Аскаров Даурен Т., 
PhD, ассистент профессор кафедры Экономики и Бизнеса, Международный 
университет информационных технологий.
About author:
Askarov Dauren T., 
PhD,
 
Assistant Professor, Department of Economics and Business,
 
International 
Information Technology University.


International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022 
17
НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: 
ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ»
УДК 316.77 
Асылбек Ә.
1
*

Сүлеймен Демирел атындағы университеті, Алматы, Қазақстан
*Эл.пошта: asylbekasel52@gmail.com
ҚАЗАҚСТАН МЕДИАКЕҢІСТІГІ: ФЕЙК АҚПАРАТПЕН КҮРЕС
Аңдатпа. 
Мақалада Қазақстан медиакеңістігінде фейк ақпараттар қалай тарауда, оған себеп болып 
отырған факторларға сараптама жасалады. Сонымен қатар, фейк ақпараттарға жол бермеу мақсатында 
ашылған stopfake.kz сайтының фейк ақпаратты тексеру жолдарына талдау жасалып, фейктің тараламауы 
үшін не істеу керек деген сауалға ғылыми тұрғыда жауап ізделеді. 
Түйін сөздер:
фейк, ресурс, фотошоп, интернет-тролль, мессенджер, репост, кликбейт. 
Кіріспе
Жалған ақпарат тарату соңғы уақытта медиакеңістікте белең алып барады. Ақпарт көздері мен ақпарат 
ағымдары көлемінің ұлғаюы сенімсіз медиаөнімнің өсуіне әкеп отыр. Жалған ақпараттың негізгі ортасы 
интернет-ресурстар, әсіресе әлеуметтік желілер екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлеуметтік 
желілердің ленталары, WhatsApp-тағы хабарламалар, телеграм-арналардағы посттар, YouTube пен Тik-
Ток-тағы бейнеүзінділер арқылы ақпарат ағылып келіп жатады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамдар 
жалған ақпаратқа тез сенеді және шынайы материалға қарағанда ондай ақпараттың таралуы да жылдам. 
Ал фейк ақпараттың қоғам үшін қауіпті екенін қаншалықты түсініп жүрміз? 
Ресей ғалымы Н.Красовскаяның пікіріне сүйенсек, «постправда – это состояние современного 
цифрового общества, в котором факты имеют меньшую ценность, чем вызываемые ими эмоции и 
реакции людей, общества» [1]. Яғни, мұндай ақпаратта эмоциялар, бағалаулар, реакциялар, жеке 
пікірлер бастапқы орынға шығады да, шынайы деректер мен дәйектер келесі сатыға түсіп қалады. 
Бүгінде фейк ақпараттың таралуы, авторлары, аудиторияның қабылдауы, реакциясы және оның 
қоғамға әсері туралы түрлі ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Соларды саралау барысында түйгенім, 
мұндай ақпараттармен күресуге болады, бірақ толығымен жойып жіберу мүмкін емес. 
Фейк ақпарат пен жалған ақпаратты бір деп түсінуге болмайды. Екеуі екі түрлі мағына береді. Жалған 
ақпаратта ешқандай асыра сілтеушілік, эмоция болмайды. Ал фейк ақпараттың тақырыбы алыстан 
«айқайлап» шақырып тұрады. Factcheck.kz сайтының журналисі Жансерік Тілеуханның сөзіне жүгінсек, 
фейк ақпараттың өзіне тән кілт сөздері бар. Көбіне бұл кликбейт тақырыптар, яғни “жаға ұстатты” деген 
сияқты сөздерден тұрады. Бұдан басқа деректерді бұрмалаудан туатын манипуляция ақпарат бар [2].
Осы сайттың редакторы Павел Банников фейк-ақпарат жылдам жасалатындығын айтады. Маманның 
пікірінше, материалдың функциясы қарапайымнан күрделіге қарай жүреді. Оның фотошоп, мәтін, 
бейне, интернет-тролль секілді түрлері жеткілікті [3].
Factcheck.kz сайтының деректеріне назар салсақ, фейктің 90 пайызы қарапайым әлеуметтік желі 
қолданушылары тарапынан туындайды. «Іші пысады, танымалдықты қалайды. Лайк, репост қажет. 
Көбі қаралым үшін әдейі істейді» [4].
Фейк ақпараттар қай кезде жиі тарайды? Елімізде соңғы уақытта фейк ақпараттардың тарауына 
ықпал еткен оқиғалар: 
- Масанчи ауылындағы жағдай (қазақтар мен дүнгендер арасындағы қақтығыс, 07.02.2020) ; 
- Тараздағы жарылыс (30.08.2021);
- Алматы облысы, Пенжін ауылындағы оқушылар төбелісі (28.10.2021);
- Елдегі эпидахуалға байланысты жағдайлар (корновирус); 
Зерттеушілердің пікірінше, фейктің тарауына ықпал етіп отырған фактордың бірі – мессенджерлер. 
Соңғы бес жылда олардың саны екі есеге артқан. Profit.kz сайтының ақпараттарына сүйенсек, 
Қазақстандағы ең танымалы – WhatsApp. Бұл мессенджерді әлемнің 109 елі, Facebook-ты 49, ал Viber-
ді 15 ел қолданады [5].
 
Ал мессенджерлер арасында ешқандай шекара жоқ екенін ескерсек, қаншама 
фейктің тарап жатқанын білу мүмкін емес. 
Десек те Қазақстан медианарығы осы жағдайды алдын алу мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық 
даму министрлігінің қолдауымен осыдан бір жыл бұрын stopfake.kz сайты ашылды (16 шілде, 2020). 
Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, «StopFake БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, 
коммуникация арналарында тараған ақпараттарды талдап, шынайылығын анықтайды, пікірлерін айтады 
және зерттеу нәтижелерін жариялайды» [6].


International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022 
18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет