НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ» «Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді» практикалық оқу құралында фейк материалдардың
кейбірі жалған құжаттарды жариялауда құрылымы жағынан жақсы ойластырылып, шынайы дерек
болып көрінуі әбден мүмкін деп жазады. «Мұндай фейктердің ақпараттық үндестігі жалпы жаңалықтар
ағынынан ерекшеленіп тұрмайды. Сол себептен сапалы түрде әзірленген жалған ақпарат керек
аудиторияға «жетіп», талқыланатын жаңалыққа айналады. Нәтижесінде мұндай ақпаратты жоққа
шығару және аудиторияны бұл ақпараттың жалған екеніне сендіру қиынға соғады»[7].
Осы тұрғыда stopfake.kz сайты жалған ақпараттармен қалай күресіп отыр?
Сайт Telegram арналардың бірінде COVID-19 қарсы вакцинация әлемде пандемияны өршітіп
жібергені туралы ақпарат тарағандығы жөнінідегі мәліметтің жалған екендігін тексеріп, оқырмандарына
ұсынды.
Фейк: «Вакциналар бүкіл әлемде пандемияны өршітіп жіберді» (17.11.2021) деген тақырыппен
жарияланған материалдың фейк екені қалай сараланды:
•
Алдымен автор - Джоэль Смоллидің тұжырымдары әлемге интернеттегі сенімсіз БАҚ-тың бірі
саналатын NewsTarget жария еткендігін көрсетеді;
•
Материал деректерінің қорытындыдан гөрі болжамға ұқсайтындығын дәлелдейді;
•
Джонс Хопкинс университетінің ресми сайтында вакцинация пандемияны өршітіп жібергендігі
туралы мәліметтердің болмағандығын айқындайды;
•
COVID-19-дан сырқаттанушылар мен көз жұмғандар санының әлемдік статистикасы Смоллидің
теорияларымен қайшы келетіндігін айтады;
•
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Джонс Хопкинс университеті әлем бойынша COVID–19 сырқат та ну-
шылық пен одан болатын өлім-жітім деңгейінің төмендегені туралы ресми мәліметтер жариялаған [8];
Міне, ақпаратты зерттеуші материалдың фейк екендігіне көз жеткізу үшін қаншама ақпарат
көздерімен жұмыс істеп, «вакцинация пандемияны өршітіп жіберді» деген қауесетке сенудің қажеті жоқ
деп оқырмандарын сендіреді.
Екінші мысал.
Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар әйелдердің репродуктивті денсаулығына нұқсан келтіреді» (15.11.2021 жарияланды). Бұл материал ватсап желісінде тараған COVID-19-ға қарсы
вакциналар әйелдердің репродуктивті денсаулығына кері әсерін тигізеді деген ақпараттың қауесет
екендігін дәлелдейді. Автор жарияланған ақпаратқа орай медицина ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР Бас репродуктологы Вячеслав Локшиннен сұхбат алу арқылы анық-қанығына жетеді.
Автор бірнеше дереккөзге сүйенеді:
•
профессор Локшин өз тәжірибесінде мұндай жағдай болмағанын нақыт деректермен түсіндіреді;
•
шетелдік мамандардың пікірлеріне сүйеніп, сілтеме береді. Бұл жерде автор Израиль дәрігерлерінің
ақпараттарын ұсынады;
•
Midaat қоғамдық ұйымының гинекологтарының ақпараттарына сүйенеді;