СЕКЦИЯ 1
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ
БИОЛОГИИ И МЕДИЦИНСКИХ
ИССЛЕДОВАНИЙ
ЛИПОПОЛИСАХАРИД (ЛПС) МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ
БАКТЕРИЯЛАРҒА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Акимбеков Н.Ш., Кожалакова А.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан,
nuraly99@mail.ru
Соңғы кездері көптеген ғалымдардың назарында грамм теріс
бактериялардың эндотоксиндерін зерттеуге деген қызығушылық арта түсуде.
Оның себебі, грамм теріс бактериялардың сыртқы мембранасын қоршай
орналасқан липополисахарид (ЛПС) қожайын-паразит арасындағы қарым-
қатынаста ерекше рөл атқарады және оның клеткадан босап шығуы организмде
токсинділік пен патогенезге, яғни безгек, летальды токсинділік, пирогенділік
және т.б. алып келеді. Олай болса, эндотоксиндер өте күшті ауру тудыратын
реакцияларға, оның ішінде әлемде жыл сайын аурулардың 30%-80% сепсис
синдромынан қайтыс болатын дертке ұшыратады.
Грамм теріс бактериялардың клетка қабырғасы жоғары құрылымды
беріктілік пен төзімділікті қамтамасыз етеді. ЛПС грамм теріс бактериялардың
сыртқы мембранасының басты компоненті болып табылады.
Көптеген зерттеу жұмыстарында эндотоксиндер бактерия клеткасынан
босап шыққан жағдайда ғана қожайын клеткаға әсер ететіндігі көрсетілген.
Жұмыстың мақсаты E. coli штамының клеткасын лизистеу арқылы ЛПС-
тің Lactobacillus өкілері клеткаларына әсерін зерттеуге бағытталды.
Эширихия немесе ішек таяқшасы грамм теріс микробты клетка және ол
сүтқоректілердің ішек микрофлорасының қалыпты өкілдерінің бірі.
Жұмыс барысында E. coli штамына әртүрлі факторлармен әсер ету арқылы
оның клеткасы лизистелді. Факторлар ретінде лизоцим ферменті мен жоғарғы
температура таңдап алынды, себебі бұл факторлардың клеткаларды лизистеу
көрсеткіші жоғары. Бактерияның лизоциммен байланысы суспензияның
оптикалық тығыздығының төмендеуіне алып келеді, себебі клетканың
лизоцимге жоғарғы сезімталдығы ЛПС молекуласының гипотоникалық шогына
ұшыратады. Көптеген әдебиеттерде әртүрлі грамм теріс бактериялардың ЛПС
молекуласы құрамына лизоцим мен төменгі молекулалы антибиотиктердің
әсері, клетка суспезиясының оптикалық тығыздығын өлшеу арқылы
анықтайтындығы көрсетілген (ФЭК-56М, толқын ұзындығы 540, кювета 1 см).
Сонымен қатар температура арқылы лизистеу де клетка суспензиясының
оптикалық тығыздығының өзгерісі арқылы анықталды.
ЛПС тұратын суспензияның Lactobacillus өкілеріне әсері MRS қоректік
ортасында зерттелді. Ортаға суспензия сіңірілген диск және орта арасына
жасалған ойыққа құю арқылы енгізілді. Lactobacillus өкілдері ретінде L. brevis,
L.acidophilus, L.fermentum, L.plantarum және L.casei таңдап алынды.
Аталған дақылдары бар орталарда ЛПС суспензиясының әсері көрінбеді, яғни
өсудің тежелу аймағы жай көзге байқалмады. Оның мәні бірнеше себептерге
байланысты болуы мүмкін. E. coli штамының ЛПС молекуласының өзіндік
аранайылығы және оның токсинділігінің төмен болуымен, E. coli штамының
ішек микрофлорасының қалыпты өкілі болғандықтан Lactobacillus әсері
болмауымен немесе Lactobacillus өкілдерінің өзіндік қорқаныштық қызметінің
болуымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта бұл зерттеу жұмысы аясында көптеген
тәжірибелер микробиология кафедрасында жасалып жатыр.
ФУНКЦИЯ И СТРУКТУРА ПОЧЕК КРЫС В УСЛОВИЯХ
ПРИМЕНЕНИЯ НЕФРОПРОТЕКТОРОВ ПРИ КАДМИЕВОЙ
ИНТОКСИКАЦИИ
Аллафи Р.А., Сыдыков С.Б.
Казахский Национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
г. Алматы, Казахстан, e-mail: Ramis1@mail.ru
Одними из опасных экотоксикантов признаны соединения кадмия,
обладающие низкой скоростью выведения из организма и выраженным
прооксидантным действием. В связи с этим, возникает необходимость поиска,
изучения и разработки лекарственных препаратов, проявляющих
мембранопротекторную активность. Одним их таких препаратов может
служить субстанция, выделенная из корней кермека Гмелина (Limonium
Gmelinii), содержащая в своем составе широкий спектр флавоноидов,
аминокислот и витаминов. Целью настоящего исследования явилось изучение
структуры и функции почек крыс при раздельном и совместном воздействии
препарата из кермека Гмелина (фитопрепарат), леспенефрила (фитопрепарат,
препарат сравнения), ксидифона (дифосфоновое комплексообразующее
соединение; препарат, используемый в клинической практике при
интоксикации тяжелыми металлами) и сульфата кадмия (CdSO
4
).
В опытах было использовано 50 половозрелых белых беспородных крыс-
самцов с массой тела 220-250 г. Животные были разделены на контрольные и
опытные группы (по 5 крыс в каждой): 1 - интактные животные; животные
опытных групп (2-7) получали внутрибрижелудочно: 2 – раствор
фитопрепарата в дозе 10мг/кг; 3 – раствор леспенефрила в дозе 10мг/кг; 4 –
раствор ксидифона в дозе 10мг/кг; 5 - раствор CdSO
4
в дозе 15 мг/кг (ПДК=0,05
мг/кг и LD/50=88 мг/кг); 6 – CdSO
4
и фитопрепарат; 7 – CdSO
4
и леспенефрил;
8- CdSO
4
и ксидифон; 9 – CdSO
4,
фитопрепарат и ксидифон; 10 – CdSO
4,
леспенефрил и ксидифон в тех же дозах. Забой животных проводили через 1
сутки от начала эксперимента. Функциональные и гистологические
исследования проводили по общепринятым методикам.
У животных, получавших фитопрепарат, леспенефрил и ксидифон, не
изменялись структурно-функциональные показатели почек. У
интоксицированных кадмием крыс происходило достоверное увеличение
креатинина в крови
и в моче. В условиях водной нагрузки у этих животных
отмечалось достоверное увеличение диуреза по сравнению с интактными.
Нефротропный эффект кадмия не сопровождался олигурической стадией
поражения почек. При микроскопическом исследовании почек животных,
получавших CdSO
4
, наблюдались дистрофические изменения эпителиоцитов
проксимальных канальцев, у отдельных клубочков отмечалось увеличение
мочевого пространства. У интоксицированных животных, получавших
фитопрепаратом или (и) леспенефрил и ксидифоном, морфофункциональных
изменений почек не отмечалось.
Итак, препарат из кермека Гмелина снижает нефротропное действие
кадмия, оказывая протекторное влияние на функцию и структуру почек, что
вероятно, связано с разнообразными свойствами входящих в состав
фитопрепарата биофлавоноидами.
Научный руководитель - к.б.н. Ибрагимова Н.А.
МЕЖВИДОВЫЕ СКРЕЩИВАНИЯ В РОДЕ TRITICUM L.:
КОМБИНАЦИЯ T.AESTIVUM L.
(СОРТ МИРОНОВСКАЯ-808) × T.DICOCCUM SCHUEBL
Алтаева Н.А.
ДГП «Институт биологии и биотехнологии растений» РГП «НЦБ» КН МОН
РК. г. Алматы, Казахстан. Daizy-c@mail.ru
Проблемой гибридной пшеницы на основе цитоплазматической мужской
стерильности занимались многие исследователи из различных стран мира,
начиная с середины прошлого века, однако гибридная пшеница так и не вышла
в широкое производство – были созданы только фуражные линии. J.A. Wilson,
W.M. Ross в 1957 г. открыли источник ЦМС – вид Triticum timopheevii Zhuk.
(геном A
b
A
b
GG) при скрещивании его с сортом Bison; в дальнейшем, при
проведении беккроссов с сортом Bison, ими был создан стерильный аналог
сорта Bison. С 1964 г. проблемой гибридной пшеницы на основе ЦМС начали
заниматься казахстанские ученые - были также созданы стерильные аналоги
районированных сортов пшеницы (Хайленко, 2004, 2005).
Межвидовые скрещивания были проведены в связи с фундаментальной
проблемой - эпигенетического контроля мужской стерильности у пшеницы и
ее гибридов, а также и для решения некоторых задач практической селекции, в
частности, для получения крупного, с высоким качеством зерна.
Материалом для исследований послужили гибридные растения BC
2
F
4
,
BC
3
F
4
, и F
4
, полученные от скрещивания сорта Мироновская-808 (геном
A
u
A
u
BBDD) × T.dicoccum Schuebl. (геном A
u
A
u
BB). Растения выращивали на
полях АО «Казагроинновация» КазНИИРиЗ, с площадью питания 5×15, при
режиме агротехнических мероприятий, принятых для Алматинской области.
Гибридные растения BC
2
F
4
, BC
3
F
4
, F
4
(20 линий) имели хорошую
продуктивную кустистость (7-10 колосьев на одно растение), продуктивные
колосья промежуточного типа с белой и черной окраской колосковых чешуй -
длина их достигла 13 см, по 72-88 цветка в колосе, однако завязываемость зерен
колебалась в пределах 30%-40 %. Зерно было крупным, хорошо выполненным,
9-10 мм длиной, темно-красным, стекловидным, но имело как гладкий, так и
морщинистый эндосперм. Последний признак является нежелательным в
практической селекции. У части растений зерно было «игольчатым» и по
внешнему виду напоминало зерно эгилопса.
Из 150 исследованных растений 30 растений были стерильными –
пыльники во время цветения имели форму «ласточкин хвост», характерную для
цитоплазматической мужской стерильности, а также форму «нитчатую»,
характерную для признака ГМС. Завязываемость зерен под изоляторами
колебалась от 0 до 1,5%-2,5 %, а при свободном опылении – от 15 % и выше.
До настоящего времени считают, что только геном G контролирует
проявление признаков мужской стерильности у пшеницы, в частности ЦМС,
который проявляется при некоторых межвидовых скрещиваниях.
В литературе нигде не указано на тот факт, что геном В мягкой пшеницы
является носителем признака ГМС, и каким-то образом способствует
проявлению признака ЦМС, при скрещивании мягкой пшеницы с T.dicoccum,
обладающей также геномом В. Анализируя полученные результаты, мы
предполагаем, что геном В мягкой пшеницы является родственным геномом
геному G T.timopheevii.Растения, выращенные из семян, полученных под
изоляторами, имели плохую всхожесть и низкую жизнеспособность, а растения,
выращенные из семян, полученных от свободного опыления, имели
нормальную всхожесть и жизнеспособность. Из растений, имеющих хорошую
всхожесть и жизнеспособность и крупные (10 мм) семена, были отобраны лини
с 65 %-70 % завязываемостью зерен. С ними проводится селекционная работа.
Предположено, что признак ЦМС контролируется эпигенетической
системой генов.
АРТЕМИЯ САЛИНА ЖҰМЫРТҚАЛАРЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ САҚТАУ
ӘДІСІ БОЙЫНША ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫ
Амирашева Л.К.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Көптеген мемлекеттерде балық шаруашылығында артемия науплустары
тірі алғашқы қорек ретінде пайдалануына байланысты қыстық (диапауздалған)
жұмыртқалардың практикада маңызы өте зор. Артемия салина континенттің
ультрагалинды су қоймаларында кеңінен таралған, тұздылығы 10‰ – 300‰
ауытқуларға төзімді.
Артемиялар көбею жағынан басқа шаянтәрізділерден ерекшеленеді. Жазғы
маусымда су қоймаларда тек аналықтары кездеседі. Олар партеногенез
жолымен көбейеді. Күзде температураның төмендеуіне байланысты
популяцияда аталықтар дамып, аналықтарын ұрықтандырады. Аналықтары
ұрықтанған “қыстық” жұмыртқа салады. Гаструла сатысында жұмыртқалар
тығыз қабықпен қапталып, эмбриондары дамуы тоқталады. Жұмыртқаларда
диапауза басталады. Диапауздалған жұмыртқалар әртүрлі қолайсыз
факторлардың әсерілеріне төзімді болып келеді. Көктемде су температурасы
жоғарлағанда жұмыртқаның дамуы жалғасады.
Науплиус шығымдылығын зерттеулер 1990 жылы Павлодар облысы
Қызылқақ көлінен және 1992 жылы Солтүстік Қазақстан аймағынан Менгесер
және Становое көлдерінен жиналған жұмыртқаларына жүргізілді. Цисталар
тоңазытқышта әртүрлі әдіс бойынша: ылғал, 100‰ және өте қаныққан NaCl
ерітіндісінде сақталған.
Менгесер, Становое, Қызылқақ және тағы басқа көлдерінен жиналған
артемия жұмыртқаларының шығымдылығын анықтау үшін 30 тәжірибе
қойылды.
Қызылқақ көліндегі 2008 жылы сәуір айында қойылған тәжірибе бойынша
өте қаныққан NaCl ерітіндісінде сақталған артемия жұмыртқасының орташа
шығымдылығы 32,25±2,91% болды, ең жоғарғы көрсеткіші 36,62%. Ал, 100‰
NaCl ерітіндісінде сақталған артемия жұмыртқасының орташа шығымдылығы
24,17±1,2% болды. Ылғалда сақталған жұмыртқаларынан науплиустар
шықпады.
Менгесер көліндегі өте қаныққан NaCl ерітіндісінде сақталған артемия
жұмыртқасының орташа шығымдылығы 35,43±3,8% болды, ең жоғарғы
көрсеткіші 41,12% аспады. 100‰ NaCl ерітіндісінде сақталған артемия
жұмыртқасының орташа шығымдылығы 29,43±0,46% болды. Ылғалда
сақталған жұмыртқаларынан науплиустар шықпады.
Становое көліндегі өте қаныққан NaCl ерітіндісінде сақталған артемия
жұмыртқасының орташа шығымдылығы 19,27±4,05% құраса, ең жоғарғы
көрсеткіші 24,14 %. 100‰ NaCl ерітіндісінде сақталған артемия
жұмыртқаларының орташа көрсеткіші 15,48±1,08% болды. Ылғалда сақталған
артемия жұмыртқаларының орташа шығымдылығы 15,78±1,08% көрсетті.
Алғашқы жылы -10ºС температура жағдайында белсенділігін арттырғанда
100 % NaCl ерітіндісінде сақталған цисталардың ең жоғарғы көрсеткіші 80,5%
көрсетті. Өте қаныққан NaCl ерітіндісінде 10 жыл бойы сақталған
жұмыртқалардың өнімділігі 70% болды. 16 жыл уақыт аралығында әртүрлі әдіс
бойынша сақталған жұмыртқалардың шығымдылығы өте қаныққан NaCl
ерітіндісінде ең жоғары болды, 100% NaCl ерітіндісінде сақталған цисталар
өнімділігі 10-15% төмендеген. Ылғал әдісі бойынша сақталған Становое көлінің
жұмыртқаларының шығымдылығы 15% тең болды, ал қалған көлдерден
науплиустары шықпады. Жоғарыда көрсетіп кеткендей 16 жыл уақыт
аралығында өте қаныққан NaCl ерітіндісінде -10ºС температура сақталған
артемия цисталары жоғарғы көрсеткішті көрсетті.
КЕРОСИНМЕН (Т-1) ӘСЕРЛЕНГЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ӨКПЕСІ ТЫНЫС
БӨЛІМІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ
Әмірбек Д.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Керосин жанар-жағар майы әуе және жердегі әскери көліктерде, азаматтық
авиацияда, сонымен қатар «Союз» және «Молния» типтегі зымыран
тасығыштарда оттегімен бірге қолданылады. Керосин негізіндегі химиялық
жанар-жағар майы 19,5% хош иістіден, 2,0% алкеннен, 45,0% цикланнан және
33,5% алкенді көмірсутектерден тұратын күрделі органикалық қосылыс.
Зымыран жанар-жағар майы компоненттерінің бірі керосинмен (Т-1) қоршаған
ортаның ластануы оны тасымалдау және сақтау барысында апаттық
жағдайлардың әсерінен, зымыран тасушылардың құлаған сатыларынан төгілген
жанармайлардың нәтижесінен жүреді. Сонымен қатар, аэродромдар мен
космодромдардың қызметкерлер құрамы Т-1 жанар-жағар майының әрдайым
әсеріне ұшыраған. Қосындыларды зерттеу барысында аэродромдар мен
олардың айналасындағы ауада алифатикалық (метан, n-гептен, n-нонан, n-
декан) және хош иісті (бензен, о-ксилен, нафтален) көмірсутектер, альдегидтер
мен полициклді хош иісті (фенантрен, бензопирен) көмірсутектер табылған. Т-1
керосинінің адам ағзасына түсуінің негізгі жолы-ингаляциялық, жұмыстың
мақсаты Т-1 зымыран жанар-жағар майының буымен әсер ету барысында
егеуқұйрық өкпесінің респираторлы бөлмінің құрылым ұйымын зерттеу.
Тәжірибеге салмағы 175-200 грамм тегі белгісіз тұқымды жартылай ересек
ақ аналық егеуқұйрықтар қолданылды. Тәжірибе жануарлары мынадай топтарға
бөлінді: І топ – бақылау жануарлары; ІІ – VІ топтар – 1, 4, 8, 16 және 30 күн
бойы 5,7 мг/л мөлшердегі Т-1 керосиннің буына инголяциялық әсеріне
шалдыққандар; VІІ – ХІ топтар - әр бір тәжірибе нүктелері үшін бақылау
жануарлары. Жануарларды көлемі 70,7 л арнайы камераға 3 сағатқа
жайғастырылды. Жануарларды эфирлі наркоздың астында құрсақ қуысынан
сойып, өкпесін тез арада шығарып алғаннан соң 10% нейтральді формалинге
бекітілді. Өкпенің респираторлы бөлімінің кесінділеріне гистологиялық анализ
жасау үшін жалпы қабылданған әдістеме бойынша дайындалып, гематоксилин
және эозинмен боялды.
Жануарларда Т-1 керосинінің буымен улану белгілері (ІV-VІ топтарда)
екінші апталық әсерде көрінді және мінез-құлқында бұзылыстар – жоғары
қозушылық, қозғалу белсенділігінің артуы, сонымен қатар урогенитальді
аймағында сарылану және түкті жабындысының нашарлануы байқалды. Т-1
керосинімен 1 және 4 тәулік аралығында әсер еткенде өкпе құрылымында онша
өзгерістер байқалмады. Өкпе құрылымындағы патологиялық өзгерістер әсер
етудің 8-ші тәулігінен бастап көрінді және тәжірибе барысында әсер ету
нәтижесінде өзгерістер ұлғаяа берді. Әсер етудің 30-ші тәулігінде өкпе
құрылымында интерстициальді ісіну, орташа және кіші бронхтардың
кірпікшелі эпителийі сыдырылып, бөлектене бастады, ал бронхтар мен
бронхиола саңылауларында белокты экссудат жиналды. Организмнің
иммундық жүйесінің белсенділігінің артуы – лимфа түйіндері мен бронхқа
қосарланған лимфалық лимфоциттер шоғыры ұлғайды. Сонымен қатар, кейбір
аймақтарында альвеола және альвеолалы қапшықтардың саңылауларының
тарылып, альвеолааралық пердешелердің жуандауы, альвеолоциттердің
некробиозы ұлғайған.
Өкпенің респираторлы бөліміндегі және бауырдағы құрылымдық
өзгерістер зымыран жанар-жағар майы керосиннің (Т-1) құрамына кіретін хош
иісті токсинді метаболиттердің түзілуінің салдарынан болуы мүмкін. Мысалы,
Т-1-дің ағзаға түсуінің маркері болып табылатын нафталеннің р450 цитохром
жүйесімен метаболизмді, пневмотоксинді метаболиттердің түзілуімен жүреді.
Сол сияқты егеуқұйрыққа Т-1 зымыран жанар-жағар майының ингаляциялық
әсері өкпенің репираторлы бөлімінде, әсердің жалғасуын көбейтуімен
ұлғаяатын құрылымдық өзгерістердің дамуына алып келеді.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. Абдуллаева Б.А.
DROSOPHILA MELANOGASTER ШЫБЫНЫНДА АПОПТОЗДЫҢ
КӨРІНУІ
Әмірғалиева А.С., Төлебаева А.Д., Мить Н.В., Бекманов Б.О.
ҚР БҒМ ҒК ҒЗО Жалпы генетика және цитология институты
Алматы қ., Қазақстан, e-mail:
almira-71@mail.ru
Пролиферация, дифференциация және клетканың бағдарланған өлімі
(апоптоз) процестерінің құрамына кіретін маңызды клетка қызметінің реттелу
механизмдерін зерттеу, қазіргі таңдағы биология мәселелерінің өзекті саласы
болып табылады. Азот тотығы (NO) - көптеген клетка қызметінің реттеушісінің
бірі және электрондарды тасымалдау қызметін атқаруда клеткалық
мембранадан жеңіл өтуге қабілетті кішкентай молекула. Иммундық жүйеде NO
ісіктің өсу медиатрының бірі болуы да мүмкін.
Бұл жұмыстың мақсаты TUNEL-әдісін қолдана отырып, үлгі жүйе
Drosophila melanogaster шыбынында апоптоз процестерінің өту ерекшеліктерін
зерттеу. Эндогенді NO құрамын реттеу үшін азот тотығының донорлары (S-
nitroso-N-acethyl-penicillamine және lipopolysacharide) және оның in vivo
жағдайда синтезделуі үшін ингибиторлары (L-nitro-L-arginine и S-methyl-L-
tiocitrulline-acetate) қолданылды.
Әсер етуші заттар дрозофила шыбынының личинкаларының көз-антенді
имагинальді дискілерінің қалыптасатын аумақтарына микроиньекция әдісі
арқылы енгізілді. Реципиенттер ретінде жабайы шыбын линиясы Oregon R
(бақылау) және көз-антенді дискілерінің дамуында бұзылулар болатын
мутантты линиялар (Lobe
RSV
) алынды. Иньекция жасалған личинкалар 24
сағаттан кейін Буэн фиксаторына салынып, гистологиялық препараттар
жасалды. Гистологиялық прапараттарда TUNEL-әдісін қолдану арқылы апоптоз
аумағы анықталды. Арнайы бояу нәтижесінде дрозофила шыбынының 3-ші
личинкалық кезеңінде апоптоздық клеткалар көз-антенді имагинальді
дискілерде, асқорыту жолдары органдарында, мальпигий түтікшелерінде, май
денешіктерінде, сілекей бездерінде болатыны байқалды. Қалыпты
шыбындардың май клеткаларында, ішегінде, мальпигий түтікшелерінде
апоптоз процесінің жүретіні көрінді. Сілекей бездерінде апоптоз процесінің
қарқындылығы төмен болатындығы, ал өсіп келе жатқан имагинальді
дискілерде бұл процестің болмайтындығы байқалды. Алайда азот тотығы
донорларын қолдануға апоптозды қоздырушы әсері әдеттегі метаморфоздағы
апоптоз зрналарымен қатар, личинканың көз-антенді дискілеріне және сілекей
бездерінде байқалады. Дрозофила шыбыны Oregon R линиясының көз-антенді
дискілерінің шетіндегі кейбір клеткалары апопотозға ұшырайтыны байқалды.
Lobe
RSV
- мутантты линияларын қолдану кезінде көз-антенді дискілерде
аномальді апоптоз процесінің бұзылуына байланысты көз торшаларының
сандарының өзгеріске ұшырауы болатыны көрінді. Азот тотығының
ингибиторларының әсер етуі кезінде Oregon R және Lobe
RSV
- мутантты
линияларының личинкаларында апоптоз процесі төмен екендігі байқалды.
Дрозофила шыбынында азот тотығының көмегімен аппотоз процесін
реттеуде, TUNEL-әдісімен жасалынған зерттеуден алынған мәліметтер, Lobe
RSV
-
фенотиптерінің мутантты және қалыпты дамуындағы алынға мәліметтермен
сәйкес екендігін дәлелдейді. Жалпы алғанда, ересек шыбын торшаларының
өзгеріске ұшырау деңгейі мен барлық зерттеулердегі апоптоздың
қарқындылығының арасындағы корреляция оң нәтиже көрсетті.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. Жансүгірова Л.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |