1.4. № 4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырып: Деңгейлеп оқыту технологиясы
Мақсаты: Деңгейлеп оқыту технологияларымен танысып, пайдалану ерекшеліктерін зерттеу.
Тапсырма:
1 Деңгейлеп оқыту технолгиясын пайдалану ерекшеліктерімен танысу
2 Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушыларға беретін тиімділігін зерделеу
Қысқаша теориялық мәліметтер
Деңгейлеп оқыту технологиясы - оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;
Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
Оқушыбелсенділігініңоянуы;
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі
Деңгейлеп оқытуда білім игерудің төрт деңгейінің қарастырылуы;
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
Оқушылардыңжұмыстарыәділбағалануы;
Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.
Достарыңызбен бөлісу: |