Международный универстет астана


Жобалау әдісі кәсіби білім беруде пайдалану



бет41/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58

2 Жобалау әдісі кәсіби білім беруде пайдалану

Жобалау әдісі ғылым, технология, шығармашылық әр түрлі салаларынан қабілеттердің, бір жақтан түрлі әдістерің басқа кіріктірілген (интеграциялық) білімдердің, қарастырылған қандай да шешімдердің проблемаларын шешуге мүмкіндік туғызады. Жобалау әдісімен жұмыс істеу қандай да проблеманың барын айқындау ғана емес, сонымен қатар оны ашу, шешімін табу үдерісі, яғни бұл іс-әрекеттің нақты құрастырылуы, ойдың бары немесе сол мәселенің шешу гипотизасы, рөлдердің нақтылы бөлінуі. Жобаны орындау нәтижесі пәндік болуы тиіс, яғни теориялық проблемалар – нақты шешімін табу, тәжірибелік проблемалар – қолданысқа дайын нақты тәжірибелік нәтиже.

Дидактикалық әдіс ретінде оқушылардың жобалау іс-әрекетінің негізгі компоненттерге болуге болады:


  • әлеуметтік маңызды мәселенін болуы – зерттеушілік, ақпараттық, тәжірибелік (жобамен жұмыс істеу – берілген мәселенің шешімін табу);

  • жобамен жұмыс барысында мәселенің шешімін табу іс-әрекетінің жоспарының бірінші кезеңің іске асыру, басқа сөзбен айтқанда – жобаның өзін жобалау;

  • ақпаратты іздеу іс-әрекеті міндетті түрде болуы, соңынан ол жобалау тобының қатысушыларымен өңделіп, ойды ұғынып көрсетіледі;

  • жобамен жұмыс істеу нәтижесі ретінде маңызды өнімнің болуы (жобаның нәтижесі);

  • жобамен жұмыс барысында соңғы кезеңінде өнімді көрсету және оның әлеуметтік маңыздылығымен таныстыру (презентация).

Жобалардың жіктеудін бірнеше амалдары бар. Оларды бес топқа бөліп көрсетуге болады.

Тәжірибелі-бейімделу жобасы жоба қатысушыларының немесе тапсырыс берушінің әлеуметтік қызығушылығына бағытталған. Өнім алдын–ала анықталып, топтың, оқу мекемесінің, қаланың, ауылдың өмірінде қолданыла алады.

Зерттеушілік жоба құрылымы бойынша ғылыми зерттеулерге ұқсас. Ол таңдалған тақырыптың өзектілігін, зерттеудің міндеттерін, болжамның ұсынылуын және ол тексерістен өтіп алынған нәтижелер талқылануын өз құрамына енгізу тиіс.

Ақпараттық жоба қандайда объект, құбылыс туралы ақпарат жинауға, және оны талдап, жалпылап кең аудиторияға таныстыру үшін бағытталған.

Шығармашылық жоба нәтижелерді дайындауға шамадан тыс еркін және дәстүрлі емес шешімдерге ие. Оларға театрлық қойылымдар, спорттық ойындар, бейнелеу немесе декоративті–қолданбалы өнерінің өнімдері, видеофильмдер және т.б. жатады.

Рөлдік жоба құрастыруы мен іске асыруы ең қиын болып келеді. Қатысу кезінде, жобалықтар өздеріне әдебиеттік немесе тарихи кейіпкерлерді, ойдан шығарған қаһармандардың рөльдерін алады. Жобаның нәтижесі соңына дейін ашық болып қалады.

Жобалар тіпті кешен бойынша, ұзақтығы мен қатысушылардың санына байланысты ажыратылады. Басты әдістемелік ерекшелік бір жобаның сабақ барысында іске асыруға бағытталған болса («шағын-жобалар»), келесілері оқушылардың өз еркімен сабақтан тыс бірнеше

Кез-келген жобаның басты мақсаты – заманауи педогогикада әртүрлі негізгі құзырлықтың түсінігіне, тұлғалық ерекшеліктеріне кіретін өзара байланысқан білім, білік, құндылықтарлы қажетті жағдайларда іске асыру дайындығын құрастыру.

Жобалау іс-әрекет барысында келесі құзыреттіліктер қалыптасады:



  1. Рефлексивті біліктілік:

  • тапсырманың шешімін табуға жеткіліксіз білім болмаған кезде, оны түсіну біліктілігі;

  • «шешімдерді табу үшін не қажет» сұрағына жауап беру біліктілігі.

  1. Іздену (зерттеулік) біліктілігі.

  • Әр түрлі салалардан өзбетімен білімдерді пайдалану біліктіліг;

  • Ақпараттық ортада қажетті ақпаратты өз бетінше іздену біліктілігі.

  • Қиыншылықтардың шешімін табу үшін түрлі нұсқаларды қарастыра алу біліктілігі;

  • Болжамдарды ұсына білу біліктілігі;

  • Себеп-салдар байланыстарды орната алу біліктілігі;

  1. Ұжымдық жұмыс кезіндегі біліктілік пен дағдылар;

  • Ұжымдық жоспарлау біліктілігі;

  • Кез-келген әріптеспен өзара қарым-қатынаста болу біліктілігі;

  • Топта жалпы мәселелердің шешімін табу барысында көмек көрсету біліктілігі;

  • Іскерлік-әріптестік қарым-қатынаста болу біліктілігі;

  • Басқа қатысушылардың жұмыстарында кемшіліктерді тауып,оларды шешу біліктілігі;

  1. Менеджерлік біліктілік пен дағдылар:

  • Үдерісті құрастыру (бұйым) біліктілігі;

  • Іс-әрекеттін, уақытын ,ресурстарды жоспарлау біліктілігі;

  • Шешімдерді қабылдау және олардың соңын болжау біліктілігі;

  • Жеке өзіндік іс-әрекетін талдау біліктілігі;

  1. Коммуникативті қабілеттік:

  • Диалогқа кірісу, сұрақ қою және т.б. біліктілігі;

  • Пікір талас жүргізу біліктілігі;

  • Өзінің көз қарасында, ойында, айтқанында тұру біліктілігі;

  • Ортақ келісімді таба білу біліктілігі;

  • Ауызша сұрау жүргізу біліктілігі.

  1. Презентациялық біліктілік пен дағдылар:

  • Монологтық әңгіме дағдысы;

  • Сахнаға шыққан кезінде өзін сенімді ұстау білу біліктілігі.;

  • Әртістік біліктілік;

  • Жоспарланбаған сұрақтарға жауап бере алу біліктілік.

Мақсаттық бағыты бойынша пәндік сабақтар үлкен екі топқа бөлінуі мүмкін.

Бірінші топ – бұл оқушылардың арнайы және жалпы оқыту жүйесінің білім мен дағдыларын құрастырушы пәндер. Жүйелі түрде құрастырылған оқу бағдарламасы – «шығарда» оқыту әдістері мен түрлерін таңдауда қатал іріктелуін, білім сапасының жоғары талаптарының болатынын атап көрсетеді. Оларға орыс тілі, әдебиет, тарих, география, биология, химия, физика, математика сынды пәндер жатады.

Осы топтың сабақтарында жобалау технологиясы тиімділігінің төменгі көрсеткіштеріне ие. Осы пәндер арасында жобалау саласы сабақтан тыс, әсіресе пәнаралық жобалар түрінде іске асырылады.

Пәндердің екінші тобы кәсіби құзыреттілікті құрасытруға бағытталған. Берілген топқа арнайы пәндер кіреді.

Бұл пәндер өзінің ғылыми негізімен байланысты емес, олар қолданбалы сипатта немесе біріктіру денгейінде бола алады. Сонымен қатар, қоршаған өмірмен, қоғамдық саламен және оқушылардың болашақ мамандығымен тығыз байланысты болып келеді. Берілген пәндерді қалай меңгеруі ерекше және үлкен маңызға ие.

Арнайы пәндерді оқыту сонымен қатар оқушылардың өндірістік іс-әрекетін ұйымдастыру жобалау әдісін енгізуді талап етеді.

Жобаның тақырыптары тәжірибелік сұрақтардың өзектілігімен, күнделікті өмірмен, болашақ мамандық саламен байланысты болуы тиіс, сонымен қатар оқушылардың білімі бір ғана пәнге емес, әр түрлі салаларға бағытталып, оқыту жағдайыа байланысты олардың қызығушылықтары мен қабілеттіліктерімен анықталады

Жобалау әдісінде қолданылатын педагогикалық әдістерді пайдалану маңызды екендігін атап кеткен жөн.

Ең бастысы, педагогқа «жобаны іске қосуда» оқушылардың ең басынан жобалық салаға деген еркіндік пен қызығушылықты қалыптастыруды ойластыру қажет. Бұл проблемалық жағдайының туындауы, оқушыларға өмірлік мәні бар кәсіби және тәжірибелік міндеттірін талқылауы, керемет белестер туралы әңгімелер, немесе атақты адамдардың кәсіби маңызы бар шешімдерді қабылдауға ат салысуға ұсыныс жасау және басқада болуы мүмкін.

Басқа маңызды әдіс «ойлану жұлдызшасы» болып табылады. Оның негізі оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақтардың құрастырылуында, яғни басты кезеңде сұрақтардың бірнеше бөлікке бөлінуі мен оқушының іс-әрекет жүйесін анықтайды. Теориялық және тәжірибелік сұрақтардың шешімдері басты қиыншылыққа жақындауына мүмкіндік туғызады. Негізінде жобалық сала – бұл «ойлану жұлдызшасы» жүйесіне, тәжірибелік және оқушыға тән танымдық іс-әрекеттің тән болуы.

Жобалық жұмысты «миға шабу» әдісінің көмегінсіз іске асырылмайды, сабақ кезінде оқушының жеке өзі немесе топта мәселені шешуге іздеу жүргізеді, басты нұсқауларды таңдайды, қорғайды, өзінің көзқарасын дәлелдейді.

Жобалық оқыту кезінде жұмыстың нәтижесін безендіру формасын таңдау маңызды. Бұған видеофильмдер, кітап, макет, журнал және т.б. жатады. Жобаны таныстыру түрі оның тақырыбымен, мақсатымен, мазмұнымен, автордың ортақ ойымен анықталады.



1

2.3. ДӘРІС 9: КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1 Кейс-технологиясы белсенді проблемалық жағдайыды талдау әдісі ретінде

2 Кәсіби оқытуда кейс-технологиясын қолдану әдістемесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет