Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:
1 Кейс-технологиясы белсенді проблемалық жағдайыды талдау әдісі ретінде
Бүгінде кәсіптік білім беру жүйесінде белесенді және инновациялық оқыту әдістерін пайдалану кең тараған, олардың ішінде тиімді әдістерінің біріне айналған кейс-әдісі болып табылады.
Case-studiеs – бұл арнайы деректі материал негізінде жасалған нақты оқу жағдайлары, басты мақсаты оларды оқу сабақтарында талдау. Жағдайларды талдау барысында оқушылар «топ болып» іс – әрекет жасауды, талдау жүргізумен басқарушылық шешімдерді қабылдауды үйренеді. Әдістің атауы латын «шиеленіскен және әдеттен тыс мәселе» терминінен пайда болды. Әдісті басты ерекшелігі- кәсіби тәжірибеде бұрын болған нақты жағдайларды оқушылардың оқып танысуы.
Бұл технологияның түрлі атаулары бар. Шетелдік басылымдарда мына атауларды кездестіруге болады: жағдайларды оқып танысу әдісі, кәсіби іс әрекеттер тарихы әдісі және де кейс әдісі. Педагогикалық ғылыми әдебиеттерде нақты жағдайларды талдау әдісі, кәсіби жағдайлар, кейс –әдісі туралы анықтамалар жиі айтылады.
Кейс-әдісінін мәні күрделі емес: оқытуды ұйымдастыру үшін нақты жағдайлардың сипаттамасы пайдаланылады. Оқушыларға нақты өмірлік жағдайды талдау ұсынылады, оның мазмұны тек қана практикалық мәселені шешумен сипатталмайды, ол осы мәселені шешуге қажетті білім кешенін меңгеруді талап етіп оның пайдалануын қарастырады. Осы жағдайда проблеманың шешімі көп түрлі болуы мүмкін. Кейстегі іс-әрекет сипаттама түрінде берілуі мүмкін, онда оны түсінуі қажет, немесе олар мәселені шешу тәсілі түрінде ұсынылуы мүмкін. Кез келген жағдайда тәжірибелік іс –әрекет моделін жасау білім алушылардың кәсіби қасиеттерін қалыптастырудың тиімді құралы болып көрсетіледі.
Сase-study әдісі – тәжірибелік мәселерді шешуде теориялық білімдерді қолдануына мүмкіндік беретін құрал. Әдіс оқушыларда өзіндік ойлау қабілетін дамытуға, басқаларды тындауға және альтернативті ой пікірді есепке алып, өз ойын дәлелдеп айтауға жағдай жасайды. Осы әдістін көмегімен оқушылар аналитикалық және бағалау дағдыларын көрсетуге, жетілдіруге, топта жұмыс жасауды үйренуге, қойылған мәселені тиімді шешімдерін табуға мүмкіндіктері бар.
Интерактивті әдісі ретінде, сase-study әдісі теориялық білімдерді меңгеруін және оқу материалын тәжірибелік түрінде игеруін қамтамасыз етіп, оқушылар жағынан қолдау табуда. Бұл әдіс оқушылардың кәсібилігіне әсер етеді, есейуіне ықпал тигізіп, оқуға деген оң мотивация мен қызығушылығын қалыптастырады. Сase-study әдісі оқытушының ойлау қалпы ретінде де бола алады, оның ерекше парадигмасы: басқаша ойлап, әрекет жасау, өзінің шығармашылық әлеуетті жаңалау.
Кейс-әдісін қолдану білім алушылардың танымдық қабілетін дамытуда қосар үлесі зор: оқу пәніне қызығушылын арттыра отырып, алған білімін өмірмен байланыстырып, қолдануына жол ашады.
Сase – нақты өңдірістік жағдайдан алынған үлгі, ол шынайы болған оқиғаның сипаттамасы ғана емес, сонымен ол жағдайға түсінікт беретін біртұтас ақпараттық кешең. Дұрыс жинақталған кейс келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
кейсті құруға қойылған нақты мақсатқа сәйкес болуы;
тиісті күрделік деңгейінің болуы;
кәсіби іс – әрекеттін бірнеше қырың көрсетілуі;
тез ескірлемеуі;
бүгінгі таңның маңыздылығын жоғалтпау;
бір үлгідегі жағдайларға мысал келтіру;
аналитикалық ойлауды дамыту;
пікір таласқа итермелеу;
бірнеше шешімдердің болуы.
Сase-study әдісін пайдаланып оқытудың мәні, ол әр оқушы өзіндегі бар біліміне, тәжірибесімен интуициясына негізделіп, шешім нұсқаларын ұсынады.
Нақты жағдайларды талдауға арналған сабақтар теориялық дайындық кезіндегі меңгерілген білімдерін тәжірибе барысында қолдануға бағытталған, және де оқушылардың бұрынғы тәжірбиелік іс – әрекетіне негізделеді. Сase-study әдісінің келесі мақсатымен пайдалану салалары атауға болады:
- өткен сабақтарда меңгерілген білімдерді бекіту (теориялық курстардан кейін);
- тұжырымдамалық сызбаларды тәжірибеде қолдану дағдыларын меңгерту және оқушыларды тәжірибелік жағдайларды талдау тәсілімен таныстыру. (тәжірибелік сабақтар барысында, негізгі дайындық курстарының үдерісінде);
- мәселелер мен шешім қабылдауда топтық талдау дағдыларын меңгерту (тренингтер аясында);
- оқушылармен теориялық курс негізінде алынған білімдерінің сараптамасы ( оқу бағдарламасының соңында).
Нақты жағдайларды түрлендірудің негіздері:
Алынған нәтижелер түрлері бойынша кейс мәселелік және жобалық болып бөлінеді. Проблемалық жағдайларда негізгі мәселені анықтау және тұжырымдау нәтиже болып табылады, немесе кейбір жағдайларда проблемалық мәселені қалыптастыру. Жобалық кейстерде өңдірістік жағдайларда болған мәселені еңсеруге қатысты іс – әрекет бағдарламасы нәтиже ретінде болады.
Ақпарат көздері бойынша. Бұл жағдайда оқытушының кәсіби тәжірибесінен, әдебиеттен алынған шынайы жағдайларды суретпен берілуі қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, оқыту тәжірибесінде дидактикалық мақсатында оқытушымен жасалған шартты ойластырған жағдайлар қолданылады.
Жағдайлар туралы ақпараттарды беруші субъект бойынша. Оқу үдерісінде өңдірісте болған оқиғаны талдауға және шешім қабылдауға қызығушылық танытатын бір кезде, субъект ретінде мұғалім, бір кезде оқушы немесе оқушылар тобы бола алады.
Дидактикалық негіз бойынша оқу үдерісінде кейс ретінде оқушыларға маңызды өндірістік мәселе талданады. Бұл кезде оқыту барысы мен оқытушының ұстанымы өзгереді.
Мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде тәжірибе маңызды рөл атқарады. Бұл білім мекемесінде оқу-тәрбие үдерісінің бір бөлігі болып есептелінеді, және оқушыларда алғашқы кәсіби іс – әрекет тәжірибесін жинақтаудың алғы шарты болып табылады.
Нақты жағдайларды талдау әдісі, оқушыларды кәсіби іс – әрекетке дайындау барысында қолданылады, әр түрлі мәселелердің туындауында болашақ мамандарды тез шешім қабылдай алуға, мәселені көре білуге, шешім қабылдауда біліктіліктерінің қалыптастыруға, болашақ маманның құзырлығын қалыптастырып ұлғайтуға әсері тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |