«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою



бет102/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою


Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ерітіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.


  • Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолғапты киіңіз.


  • Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.


  • Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.


  • Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаныңұштығына вазелин майын жағыңыз.


  • Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.


  • Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.


  • Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне ұштықты енгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.


  • Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.


  • Сол қолмен алмұрттәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішеккеқарай итере қысыңыз.


  • Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанынұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).


  • Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.


  • Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет