«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: егер де ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес. Майлы клизманы қою



бет104/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: егер де ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.

Майлы клизманы қою


Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босаңсыту, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату, жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.


  • Науқасты сол жаққырына жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынынан бүгіліп, ішіне қарай келтірілуі керек.


  • Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз,қолғапты киіңіз.


  • «Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.


  • Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.


  • Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.


  • Майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.


  • Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.


  • Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін шығарып алыңыз.


  • Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.


  • Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.


  • Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.


  • Науқасқа ынғайлы жағдай жасап, терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертуін сұраңыз.


  • Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.




Ескерту:
  • емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;


  • майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;


  • науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;


  • майлы клизманы түнде қою қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет