«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет103/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Жел шығаратын түтікті қою


Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.
Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.
Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.


  • Науқасты кермемен қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).


  • Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып,оның үстінен жаялықты төсеңіз.


  • Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызыңыз, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейдетазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  • Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.


  • Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және Vсаусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.


  • Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анустесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 смкіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыраотырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.


  • Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.


  • Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.


  • Жел шыкқанда(су көпіршіктің шығуы бойынша)көзіңізді жеткізіңіз,суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратын түтіктіңсыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.


  • Науқастыңхал-жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.


  • Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.


  • Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.


  • Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет