«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даЙЫНДАУ



бет99/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даЙЫНДАУ


Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, лотокты, 5 спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.


  • Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.


  • Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы қалып алуын сұраңыз.


  • Болжаған тесетін жерді өңдеу үшін 5 спиртті йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.


  • Дәрігер сол қолмен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.


  • Инені буынға енгізіп, шприцпен тінге жиналған сұйықтықты сорып алады.


  • Лабораториялық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.


  • Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.


  • Инені шығарып алған соң, тесілген жерге 5 спиртті йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.


  • Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет