«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек. Тұзды (гипертониялық) клизманы Қою



бет106/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.

Тұзды (гипертониялық) клизманы Қою


Мақсаты:ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.
Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойықжара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін,жел шығаратын түтікті, лотокты, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.


  • Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.


  • Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.


  • Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.


  • Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.


  • Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп,оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.


  • Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғап, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.


  • Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.


  • Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.


  • Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.


  • Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.


  • Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.


  • Ұштықты,жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі барыдысқа салыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз.


  • Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнергесалыңыз.


  • Қолыңызды,жуып кептіріңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет