«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз



бет72/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз.
  • Кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.


  • Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.


  • Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.




ІV-қалып. Тізе - шынтақ қалпын науқасқа алуын ұсыныңыз.
  • Төсектегі науқастын жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.


  • Төсекте жатқан науқасқа әдеттегідей (ыңғайлы) қалыпты беріңіз.


  • Қақырыққа және түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, зарарсыздандыру регламентеген ерітіндінің біреуімен жүргізіледі. Мысалы 5% хлорамин ерітіндісімен 4 сағатқа әсер ету уақытына тұрады.


  • Емшараны орындаған және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасайды.




Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты науқаста жағымсыз сезім щағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз).

ІX. Дәрі – дәрімектерді қолдану жлдары мен әдістері, ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру


Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюлЯны
қолдану


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюляны (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:
  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.


  • Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.


  • Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, (дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).


  • Науқасқа дәрі-дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.


  • Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.


  • Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.


  • Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюляны науқастың тілінің түбіріне салыңыз.


  • Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.




Ескерту:
  • қабығы бар таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;


  • науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;


  • дражелер, капсулалар, пилюлялар өзгермеген түрде қолданылады.


  • ашқарынға тағайындалған дәрі-дәрмектердітаңертеңгі тамаққа 30-60 минут бұрын қалғанда үлестіру керек;


  • тамаққа дейінгі тағайындалған дәрі-дәрмектерді тамақ қабылдағанға дейін 15 минут бұрын үлестіру керек;


  • тамақ қабылдаған уақытқа тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақпен ішеді.


  • тамақтан соң тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақты қабылдағаннан кейін 15-20 минут аралығында ішуі керек.


  • ұйықтататын дәрі-дәрмектерді науқасқа ұйқыға дейін 30 минут қалғанда береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет