«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет74/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Науқасқа ұнтақты қолдану


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.


  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.


  • Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).


  • Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.


  • Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.


  • Науқастан басын көтеруін, аузын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.


  • Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.


  • Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.




Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ СЫРТҚЫ ЖОЛМЕН ЕНГІЗУ


МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ


Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрілік препаратты, қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37°С дейін жылытыңыз.


  • Науқасты сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.


  • Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.


  • Мұрын жолдарын қараңыз, егер де бөлініс немесе қабыршақ болса, мұрын қуысына күтімді жүргізіңіз (стандартты қараңыз).


  • Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.


  • Оң қолға мақта шариктерін алып, оларды V саусақпен алақанға қысыңыз.


  • Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.


  • Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.


  • Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.


  • Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.


  • Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.


  • Дәрілік ерітіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.


  • 2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамызыңыз. Науқастан хал-жағдайын сұраңыз.


  • Қолыңызды жуып кептіріңіз.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қауіпсіз жиналған және жоюға арналған контейнерге салыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет