«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны



бет73/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны
(қоспалы сұйық дәріні) қолдану


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтынпарағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.


  • Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:


  • 1 шай қасықта – 5 мл


  • 1 десерт қасықта – 7,5- 10 мл


  • 1 ас қасықта – 15 мл


  • Науқастан дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.


  • Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.





ТұнБаны, экстрактыларды (шырсөлДІ) қолдану


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Даярлаңыз: дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.


  • Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).


  • Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.


  • Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндініңтамшысыналыңыз.


  • Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.


  • Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.


  • Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет