«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ



бет76/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ
(тюбиктен, шыны таяқшамен)


Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын, шыны көз қалақшаларын, дәке тампондарын, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтынпарағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).


  • Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.


  • Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.


  • Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.


  • Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.


  • Шыны таяқшаны самай жағынан бетінен көздің тесігіне қарай жағыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен). Қалақшаны майымен төмен қарай ұстаңыз.


  • Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.


  • Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.


  • Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.


  • Сығылыстырылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл жабылған қабақтарын мақта шариктерімен уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.


  • Екінші көзіне де майды осы тізбектілікпен салыңыз.


  • Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.


  • Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.


  • Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.


  • Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет