«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық



бет148/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық
әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу


Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісін, лабораторияға жолдама жазыңыз, онда науқастың аты-жөні, бөлімшесі, палатасы, зерттеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.


  • Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.


  • Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.


  • Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.


  • Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.


  • Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).


  • Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.


  • Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.


  • Науқастан аузын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып, сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.


  • Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын, жұтыну қозғалысын жасап,сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз(егер де науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз!).


  • Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейінжұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.


  • Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.


  • Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).


  • Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№2, №3, №4, №5 үлестік – «өзекті» сөлдену).


  • Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1%0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастринерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.


  • 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№6 үлес).


  • Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№7 үлес).


  • Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып,асқазан сөлін алыңыз (№8, №9, №10, №11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).


  • Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз,науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткаменсүртіңіз.


  • Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюғаарналған контейнерге салыңыз.


  • Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге жәнеқоздырғышын көрсетіп лабораторияға жіберіңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет