«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу



бет149/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет.

Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу


Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораториялық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.


  • Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.


  • Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.


  • Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егер де болса).


  • Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.


  • Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.


  • Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).


  • Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).


  • Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қаламұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.


  • Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап, сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.


  • Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.


  • Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.


  • Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.


  • Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.


  • Қысқышты босатып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.


  • Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.


  • Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.


  • Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).


  • Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.


  • Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.


  • Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


  • Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, лабораторияға жіберіңіз.


  • Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет