«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю. Дайындаңыз



бет64/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.
Дайындаңыз:компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.


  • Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.


  • Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.


  • Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.


  • Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).


  • Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай болуы керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.


  • Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).


  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.


  • 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.


  • Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.


  • Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.




Ескерту:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет