«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет78/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Жеке ингаляторды қолдану


Дәрілікзаттытынысжолдарынадемалғандаауызарқылыенгізугенауқастыүйрету


Мақсаты: емдік және оқулық, науқасқа ингаляторды өздігінен қолдануды үйрету.


Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.


Дайындаңыз:2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.


  • Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі.


  • Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз


  • Науқасқа және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз.


  • Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетіңіз.


  • Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.


  • Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.


  • Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.


  • Ингаляторды аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.


  • Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі.


  • Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.


  • Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.


  • Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсыныңыз, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен


  • Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіңіздің барыңызда бақылаңыз.




Ескерту:
  • аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;


  • ингаляцияның мөлшерін және олардың уақыт аралығын дәрігер анықтайды;


  • әрбір ингаляциядан кейін мундштукті сабындап сумен жуу қажет, сосын құрғатып сүртіңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет