«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу



бет77/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы – құлақтағы ауру сезімі және қабыну процесі.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).


  • «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.


  • Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.


  • Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.


  • Құлақтан шыққан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.


  • Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. Пластикалықфлакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.


  • Оң қолға тамызғышты ұстап, оған дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.


  • Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа және жоғарықарай тартып, (сыртқы құлақ жолын түзету үшін) ал оң қолмен тамызғышты ұстап, 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні құлақ жолынатамызыңыз.


  • Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.


  • Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыптаұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.


  • Қолғапты шешіңіз.


  • Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.


  • Пайдаланған турундаларды, мақта шариктерінқолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.


  • Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет