«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет27/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Емдәмдік тамақтануды ұйымдастыру

Ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруда медицина қызметкерлері және тамақ дайындайтын жердің қызметкерлері қатысады.


Емдеуші дәрігер науқасқа белгілі бір емдәм тағайындап, сырқатнамаға белгілейді. Бақылаушы мейірбике мөлшерлік-мәзір құрастырады. Онда қанша науқасқа қандай емдәмдік мәзір тағайындалғаны көрсетіледі. Барлық мөлшерлік-мәзірдің деректерін қосу негізінде талап етілген тағамдардың қажетті мөлшері дайындалады.
Әдетте ірі ауруханаларда науқастарды тамақтандыруды дәрігер-диетолог басқарады. Тамақ дайындайтын жердің жұмысын бақылау аурухананың диетолог мейірбикесіне жүктеледі.
Дайын тамақты тарату тек кезекші дәрігер сапасын тексергеннен кейін ғана жүргізіледі.
Тамақты бөлімшенің дәмханасына әкелгеннен кейін жылытып, содан соң дәмханашы мен бақылаушы мейірбике тарата бастайды. Тамақты таратар алдында арнайы халат киген жөн. Халінің ауырлық деңгейіне байланысты науқастар тамақты асханада немесе палатада қабылдайды. Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру бақылаушы мейірбикенің міндетіне жатады. Халі ауыр науқастарды төсекте жатқан қалпында, төсегінің бас жағын көтеріңкілеп, төсек үстіне қойылатын үстелшені қолдану арқылы, ал ол болмаған жағдайда науқастың кеудесі мен мойнын сүлгімен жауып қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. 20-30 минуттан кейін босаған тамақтың ыдысын алып кету керек. Дәмхана мен асхана үшін арнайы белгіленген тазалау құралдары болады. Үстелдер мен еденді зарарсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен ылғалды тазалау әр тамақтанудан кейін жүргізіледі. Ыдыстарды майды кетіретін заттарды қолданумен арнайы ванналарда жуылады, ыдыс жуатын аспаптар ыстық сумен шайылады, содан кейін 0,5%хлорамин ерітіндісіне батыру арқылы зарарсыздандырылады да ағынды сумен шайып, кептіреді. Жөке зарарсыздандырғыш ерітіндіге салынады.
Ауыр халдегі әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. Бұл тамақтандырудың табиғи тәсілі. Кейбір жағдайларда, науқастар өздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет