Артериялық гипертензия, гипертониялық криз, артериялық гипотония туралы түсінік.
Жүректің жұмысы кезінде артерия жүйесінде түзілетін қысым артериялық қысым деп аталады. Жүрек жұмысының фазасына байланысты қысым систолалық (САҚ), яғни жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін-ақ артерия жүйесінде пайда болады (тамыр соғу толқынының ең жоғары көтерілуіне сәйкес келеді), және диастола кезінде артерияларда олардың серпілгіштігінің арқасында сақталатын диастолалық (ДАҚ) болады (тамыр соғу толқынының түсуіне сәйкес келеді). САҚ мен ДАҚ мөлшерінің арасындағы айырмашылық пульс қысымы деп аталады.
АҚ жүректің қан шығару мөлшеріне, жалпы перифериялық тамыр кедергісіне, жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Аө-ды өлшеу сау адамдардың, сондай-ақ науқастардың гемодинамикасының жағдайын бақылаудағы маңызды тәсіл болып табылады.
АҚ-ды өлшеуді тіке және тіке емес тәсілдермен жүргізуге болады. Тіке тәсіл – бұл манометрдің датчигін қан тамыр жүйесіне енгізу. Бұл тәсіл ірі тамырлардағы немесе жүректің қуытарындағы қысымды анықтау мақсатында катетрлеу кезінде қолданылады. Әдеттегі тәжірибеде АҚ-ды 1905 жылы орыс хирургы Н.С Коротковпен ұсынылған тіке емес аускультативті тәсілмен сфигмоманометрді қолдану арқылы өлшейді. Сфигмоманометр манжетпен және алмұрт тәріздес резеңке баллонмен біріктірілген сынаптық немесе көбінесе серіппелі манометрден тұрады. Ауаның манжетке енуі манжеттегі қысымды сақтап және жайлап түсіруге мүмкіндік беретін арнайы тетікпен реттелінеді. АҚ миллиметрлік бөлімдері бар циферблаттың қозғалатын тіліне берілетін серіппенің кедергі күшімен өлшенеді.
АҚ-ның мөлшерін мейірбике температуралық параққа қызыл түсті бағаналар түрінде АҚ шкаласында сәйкес белгілейді.
АҚ-ды осциллографиялық әдіспен өлшеуге болады. Бұл әдіс Ақ көрсеткіштерінен басқа тамыр қабырғасының жағдайын, тамырдың серпілгіштігін, қан айналымының жылдамдығын бағалауға мүмкіндік береді. Сигналды компьютерлік өңдегенде жүректің жиырылу көлемі (ЖК), минуттік көлемі (МК), жалпы перифериялық тамыр кедергісінің (ЖПТК) мөлшері және олардың бір-біріне сәйкестігі есептелінеді.
Үлкен адамның систолалық АҚ-ның қалыпты деңгейі 100-ден 139 мм.с.б дейін тербеледі, диастолалық – 60-тан 89 мм.с.б. дейін.
140/90 мм.с.б. деңгейінен бастап және одан жоғары АҚ жоғары (артериялық гипертензия немесе артериялық гипотония). АҚ-ның күрт көтерілуі гипертониялық криз деп аталады. АҚ-ның тез көтерілуінен басқа ол қатты бас ауруымен, бас айналуымен, лоқсумен және құсумен көрінеді.
18 жастан жоғары адамдардағы АҚ деңгейінің жіктелуі (артериялық гепертензия бойынша ВОЗ, МОАГ, JNC VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.