«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Жасанды тамақтандырудың тәсілдері



бет28/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Жасанды тамақтандырудың тәсілдері:

  1. Асқазан зонды арқылы. Көрсеткіштері: ауыз қуысының мертігуінде, жұтыну бұзылғанда, ес-түссіз жатқанда, кейбір психикалық ауруларда( тамақтанудан бас тартқанда). Зонд асқазанға мұрын немесе ауыз арқылы енгізіледі. Зонд арқылы: сорпа, сүт, май, шикі жұмыртқа, шырын балалардың тағамдық қоспалары беріледі. Қазіргі кезде арнайы препараттар (белоктық, майлық, күріш және басқа энпиттер) қолданылады. Тәулігіне 600-800 мл енгізуге болады.

  2. Гастростоманың немесе еюностоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, өңешке жасалған операциядан кейін.

  3. Парентералды. Көрсеткіштер: асқазан-ішек жолдарында қорыту, сіңірілу бұзылғанда, анорексияда (тәбет болмағанда), тоқтамайтын құсуда, тамақтанудан бас тартқанда. Осы мақсатта донорлық қан, белок гидролизиттары, тұз ерітінділері, глюкоза микроэлементтермен көк тамырға енгізіледі.

  4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ерітінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су физиологиялық және т.б. ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.

Мейірбикелік процесс
Мейірбикелік сырқатнама
Науқасты бақылау

Мейірбикелік процесс – бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми тәсілі, екі жаққа бірдей тиімді күтім жоспарын орындау мақсатында науқас пен мейірбикені қоршаған жағдайды және бұл кезде пайда болатын мәселелерді анықтаудың жолы.


Мейірбикелік процесс денсаулық сақтау тәжірибесіндегі мейірбикенің орнын түсінудегі жаңалық. Оның барлық қызметі науқастың күтім қажеттігін қанағаттандыруға, науқастың тәуелсіздігін демеуге және қалыптандыруға бағытталған болуы керек.
Мейірбике ісін үйренудегі негізгі аспектілер:

  1. Науқас.

  2. Мейірбике ісі.

  3. Қоршаған орта.

  4. Денсаулық.

Еуропада ВОЗ қолданылатын аймақта мейірбике физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерді бағалайтын Вирджиния Хендерсон моделі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет