«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет2/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Мейірбике істей білуі қажет:
. мейірбикелік процесс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды;
. емдеу - диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті атқаруды;
. алғашқы медициналық көмекті көрсетуді;
. күтім мен өзін - өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;
. кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптес -термен қарым - қатынаста болу.
Оларды меңгеру - тераппевтік науқастармен жұм -ыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін мейірбикенің кәсіпкерлілігінің кепілі.
Мейірбике ісінің философиясы
Мейірбикенің лауазымдық және функциональдық міндеттері. Медициналық қызметкердің моральдық және заңдық жауапкершілігі.
Медициналық этика және деонтология негіздері.
Науқастың мейірбикелік күтімі - бұл науқастың күйзелісін жеңілдету, тезірек сауығуына, сонымен қатар аурудың асқынуының алдын - алуға бағытталған гигиеналық санитарлы-эпидемиялогиялық, алдын-алу, емдік шаралардың жиынтығы.


Мейірбикенің функциональдық міндеттері:

  1. Медициналық мекемелерде емдік - сақтандыру және санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптерді сақтау және қамтамасыз ету.

  2. Дәрігердің тапсырмасын орындау.

  3. Ауыр халдегі науқастарға жеке бас тазалығын күтуде, тамақтануында, физиологиялық шығарым-дарында көмек көрсету.

  4. Санитарлық - тазалық өңдеуден өткізу.

  5. Науқастың жағдайы нашарлағанда (қызба, талу, естен тану, жүрек тұсының ауру сезімі, құсу және т.б.) дәрігерге дейінгі жедел жәрдемді көрсету.

  6. Арнайы күтім (белгілі бір аурулардың топтарына арналған, мысалы, плевральды немесе абдоминальді пункция кезінде терапевтке көмектесу, катетерлеу кезінде, қуықты жуғанда урологқа көмек көрсету)

Дәрігер науқасты емдейді, ал мейірбике науқасқа күтім жасайды. Нашар күтім, өзінің міндетіне дұрыс көңіл бөлмеу, науқастың сауығуын тежеп қана қоймай, жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.
Мейірбике ауыр халдегі науқастарға жеке бас тазалығын күтуде, тамақтануда, физиологиялық шығаруда, қозғалуда көмек көрсетуге міндетті. Сонымен қатар тыныштықты сақтау, ыңғайлы және таза төсектің болуын бақылау, таза ауамен қамтамасыз ету, дәрігерлік тағайындауды уақытылы және дұрыс орындау, белгілі бір тексерулерге науқастарды дайындау, науқастарға күтім көрсету, қажетті құжаттарды толтыру мейірбикенің міндеті болып табылады.
4.06.2003 жылғы ҚР ның № 430-11 «Денсаулықты сақтау жүйесі туралы» заңының 10-тарауында медицина және фарм қызметкерлерінің негізгі құқықтары көрсетілген:
- кәсіптік қызметін орындау үшін (еңбектік) жағдай жасау;
- бес жылда бір рет өзінің кәсіптік деңгейін жетілдіру;
- ұжымдағы болған штат қысқарса немесе ұжым жойылып, қызметкер жұмыссыз қалса, мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің есебінен маман қайта дайындалады.
- еңбек міндетін орындауда денсаулығына немесе мүлігіне зиян келсе, орны қалпына келтіріледі;
- адамның өміріне қауіп төнген жағдайда жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізу үшін кез келген азаматтың немесе мекеменің байланыс құралын ақысыз пайдалана алады;
- қызмет бабына байланысты жолға кеткен көлік шығыны өтеледі;
- кәсіптік арымен лауазымдылығын қорғау;
- ауылдық және селолық жерлерде мемлекеттік денсаулық сақтау қызметкерлеріне өзінің айлығына қоса қосымша төлем төленеді (мөлшерін жергілікті басшылық белгілейді), коммуналдық төлемдер мен отын шығыны жергілікті бюджеттің қаржысынан өтелінеді, меншігінде малы барлар жеммен, жайылым жермен қамтамасыз етіледі.
Медицина және фарм қызметкерлерінің міндеттері:
- медициналық көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын нығайтуға және аурудың алдын-алуға үлес қосу;
- шұғыл жағдайда тұрғындарға жедел медицина -лық жәрдем көрсету
- халық арасында медициналық білімділікті және салауатты өмір салтын насихаттау
- кәсіби этика талаптарын, дәрігерлік құпияны сақтау, ауру жайында, азаматтардың жеке қарым-қатынасы және жан ұялық тіршілігі туралы мәлімет -терді терептау
- кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыру;
Мейірбикенің функциональдық міндеттеріне лауазым- дылық міндеттер қосылуы мүмкін, мысалы, бас мейір- бикенің міндеттері бөлімшенің аға мейірбикесінің міндеттерін, бақылаушы мейірбикенің міндеттерімен салыстырғанда кеңірек. Ол мейірбикенің жұмысына бақылып қана қоймайды, әкімшілік тапсырмаларын орындайды, ұйымдастыру жұмысын жүргізеді.
Этика (Аристотель)-адамгершіліктік мораль мен мінез құлық туралы ғылым. Парызтану (деонтология-грек тілінен Deontos-парыз, logos-ғылым) (ағылшын Бентам)-науқас пен дәрігердің, медициналық қызмет -керлердің өзара (субординация, сабақтастық, қарым-қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым. Медицина қызмет -керлерінен сезімталдық, ықыластылық,қайырымдылық, ақпейілділік, мейіріділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі.
Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау: ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар-қысқа қырқылған, шаш қалпақтың ішіне салынған болуы керек.
Науқаспен қарым - қатынас жасау ережелерін сақтау: науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сақтаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсаруының мүмкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын айтуға болмайды.
Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурулардың (грек тілінде Jatros-дәрігер, genes-туғызылған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл аурулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсер еткен медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздерінің немесе іс-әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет (қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген зертханалық, аспаптық тексерулердің, мамандар кеңесінің нәтижелерін білу науқас үшін оңай болмауы керек. Мейірбикеге тексерулердің деректерін науқаспен талқылауға
болмайды.
Медицина қызметкерлерінің өзара қарым
қатынасының негізін субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл дәрігермен немесес әкімшілік өкілімен кездескенде тұру, дәрігерлік тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес сондай-ақ, кейде шиеленіскен қатынаста көрінеді. Әріптестер арасында бір-біріне құтқаруға дайындық қағидалары.
Науқастар мен келушілердің көзінше өз әріптестерін ешқашан міндеттмеген жөн (олар жіберілген қатенің мәнін үлкейтіп, сенім беделін түсіруі мүмкін), кіші медицина қызметкерлерімен қатынаста да тәкаппар болуға болмайды. Қатынаста әдепті, сабырлы болған жөн, мүмкіндігінше мәселенің жөнін қысқаша баянда- ған дұрыс.
Науқастар күтімі кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысында қателіктер де болуы мүмкін (тәжірибенің жеткіліксіздігі, қателесілер, сирек кездесетін аурулар).
Медициналық тәжірибедегі қателіктерді өзінің кәсіптік міндеттеріне жауапсыз қарауына байланысты болатын медициналық құқық бұзулармен шатыстырмау керек.
Жасалған құқық бұзулардың ауырлық түріне бай -ланысты медицина қызметкері әкімшілік жазалауға (сөгіс, қатаң сөгіс, төмен ақылы жұмысқа ауыстыру және т.б.) немесе заңға сәйкес қылмыстық жауапкер -шілікке тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет