«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет30/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

ІІ кезең – науқастың күтіміндегі мәселелерді анықтау немесе мейірбикелік диагностикалау. Оған кіретіндер:

  • науқастың нағыз және жасырын мәселелерін және оның күтімдегі қажеттігін анықтау;

  • күтімнің маңызды мақсаттарын талдау, тезірек шешуді талап ететін маңызды мәселелерді анықтау;

  • науқаспен оның анықталған мәселелерді, қанағаттандырылмаған қажеттіктері және алдыға қойылатын мақсаттар туралы сұхбаттасу.

ІІІ кезең – қажетті көмекті жоспарлау. Оған жататындар:

  • мақсаттарды белгілеу (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді);

  • науқаспен бірге күтім нәтижелерін анықтау;

  • науқасқа көрсетілетін мейірбикелік іс-әрекет түрлерін анықтау (тәуелді, өзара тәуелді, тәуелсіз);

  • мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау, оларды мына төмендегі тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

  1. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.

  2. Дәрігерлік тағайындауларды орындау.

  3. Науқастың негізгі қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында оған ыңғайлы жағдай жасау.

  4. Науқаспен оның жанұясына психологиялық демеу және көмек көрсету.

  5. Техникалық әрекеттер, ісшаралар жүргізу.

  6. Денсаулықты нығайту және асқынулардың алдын-алу бойынша шараларды жүзеге асыру.

  7. Науқас пен оның жанұясы мүшелеріне кеңес беру, үйрету және сұхбаттасу.

    • науқаспен күтім жоспарын талқылау;

    • мейірбикелік күтім жүргізетін адамдарды күтім жоспарымен таныстыру;

IV кезең – күтім жоспарын жүзеге асыру.
Бұл кезең мейірбикелік күтімді келісілген жоспарға сәйкес үйлестіруді, кез келген бір мәселелердің салдарынан қойылған мақсатқа жету мүмкін болмаған жағдайда шешім қабылдауды талап етеді.
Бұл кезең қисынды негіздеу науқастың қажеттігін қанағаттандыру бойынша көмек көрсетуге және жоспарды орындауға қатысатын мейірбике мен басқа адамдардың біліміне, ептілігіне, дағдыларына жүгінеді.
Жоспарды жұзеге асыруда науқаспен және оның туыстарымен сұхбаттасу, оларды күтім жасауға үйрету ерекше орын алады.
V кезең – мейірбикелік күтімді қорытынды бағалау, нәтижелерін бағалау. Оған кіретіндер:

  • қол жеткен нәтиделерді жоспарланған мақсатпен салыстыру;

  • жоспарланған іс-әрекетің нәтижелілігін бағалау;

  • егер күткен нәтижеге қол жетпесе, онда бағалауды және жоспарлауды жалғастыру;

  • мейірбикелік процестің барлық кезеңдерін сыншыл талдау және қажетті түзеутулер енгізу;

Үйлестіруді тәжирибелі, жоғары мамандандырылған мейірбике орындауы қажет. Мейірбикелік процесс мейірбикелердің өздері анықтап, бекіткен мейірбикелік сырқатнамаға немесе мейірбикелік күтім мен бақылаудың картасына жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет