«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Аурухана ішілік инфекциялық қауіпсіздікті бақылау Емдеу мекемелері және олардың қызметінің түрлері



бет4/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Аурухана ішілік инфекциялық қауіпсіздікті бақылау Емдеу мекемелері және олардың қызметінің түрлері

Адам денсаулығы – бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әлауқаттын қосындысы. ҚР азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген және ҚР19.05.1997жылға(17.12.1998жылғы өзгерістер- мен, толықтырулармен) «ҚР азаматтарының денсаулы- ғын сақтау туралы» заңында жүзеге асырылған.


Амбулаторлық көмек:

  1. aмбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіп- тік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);

  2. ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (оның құрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);

  3. здравпункт – МСБ немесе емхананың құрамдас бөлігі (кәсіппорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурулардың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналық әрі емдеу - профилактикалық шаралар жүргізіледі;

  4. емхана – келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабора -торлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсе- ту, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация – аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау – бойынша жұмыс жүргізеді;

  5. диспансерлер – диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу- профилак- тикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқат -танатын адамдарды емдейді (онкологиялық, психоневрология- лық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихаттық жұмыс жүргізеді;

  6. жоғары квалифицирленген медициналық көмек көрсететін мамандандырылған кеңестік-диаг- ностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы аурухана ларда, медициналық университеттерде және т.б.);



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет