«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет6/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Аурухананың құрамына:
қабылдау,емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімше- лері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (қабылдау бөлімінің,гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана – бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған бөлігі және емдеу бөлімшелері ауруха- наның негізгі құрамдас бөліктері болып табыла -ды.
Емдеу бөлшімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөл- мелері және мамандандырылған бөлімшелерінің бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүре- тін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір бөлімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, қан мен оны алмастырушыларды құюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге қан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болды.
Палатадағы ауа жылуы 18-20С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап қымтауы қажет. Палаталарда тек өте қажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн: төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (тосек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел.
Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелден болады.
Санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіптің мақсаты – ауруханалық (нозокомиялық) инфекциялар- дың алдын-алу. Ауруханалық инфекция – стационарда- ғы науқастарда немесе оларды күтіп және емдеп жүр- ген медицина қызметкерлерінде дамитын инфекциялық аурулар. Бұл асептика мен антисептика ережелерін бұзу салдарынан, яғни әртүрлі ауру қоздырғыштарына қарсы шаралардың ережелерін сақтамағанда дамиды. Мысалы, тұмау, вирусты В және С гепатиттері, т.б. нозокомиальды инфекциялар – бұрын сонды инфек- цияланбаған адамдарға аурухана ішінде жұқтырылған инфекция. Мұндай ауруханаішілік инфекциялар өте тұрақты микроорганизмдермен шақырылады, себебі олар осы аурухана ішінде кең спектрлі антибактерия- лық дәрілер қолданылып жүрген ортада тіршілік етеді. Ауруханаішілік инфекциялардың ішінде ең жиі кезде- сетіні стафилококктар.
Санитарлық тәртіптің медицина қызметкерлеріне қоятын негізгі талаптарының бірі, ол медицина қызметкерлерінің дер кезінде және үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы керек. Медициналық тексерілу кезінде міндетті түрде флюорографиядан өтуі керек, микрореакциялық анализ тапсыруы керек, дәрігерді жалпы қарап тексеруі және асхана жұмысшылары бактериологиялық тексерілуден және т.б. өтуі керек. Медициналық тексерілуден өткендігі туралы белгі жеке санитарлық кітапшаға қойылады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің кез медициналық мекемелерде маңызы зор. Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің ережелерін сақтау емдеуді және науқастарды күтуді ұйымдастырудың басты бір бөлігі. Емдік мекемелерде арнайы микроклимат жағдайын туғызу жарықтандырудың, жылу берудің, ауа тазартудың (тұрақты ауа температура, ылғалдығы) негізгі ережелерін сақтаумен байланысты іске асырылады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті ұстану стационар немесе кез-келген медициналық мекеме аймағын үнемі тазалықта сақтауды қақпағы бар металлдан жасалған ыдыстармен өз уақытында шығарылады.
Керекті санитарлық тәртіпті (стационар бөлмеле- рін ылғалды тазалау, ондағы тазалық тәртібін сақтау, науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу) сақтау орта және кіші медицина қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Медициналық қызметкер жалпы тәртіпке сай таза ха- латпен, керек болса қалпақ пен маскамен жүруі керек. Арнайы киімдерді, төсектерді және т.б. орталықтанды- рылған жуғыштарда кір жуғыш заттармен жуылып бөлімшелерде үтіктеледі. Хирургиялық халаттар, мас- калар және бахилалар жуылғаннан кейін автоклавта өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет