«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет5/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
әйелдер консультациясы – гинекологиялық ауруларды емдеу және алдын - алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге қабылдау кезінде көмектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және бас тазалығына үйретеді;

  • жедел - жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел - жәрдем көлігіндегі қазіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

    Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.
    Стационардың түрлері:

    1. аурухана – медицина ғылыми мен техника- сының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін ) және маманданды- рылған инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;

    2. госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;

    3. клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқы- ту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;

    4. шипажай – науқастардың емін жалғастыратын стациоранлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.

    Аурухана мен оның бөлімшілерінің құрылымы
    Санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
    Дезинфекция және стерилизация
    Медициналық құрал-жабдықтарды өңдеу кезеңдері

    Ауруханалық мекемелер науқастарды стациоран жағдайына емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, рентгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. қайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жүргізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, қан мен қаналмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.


    Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бір саласы (мамандандырылған) және құрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және т.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет